ШҰҒЫЛ! АРЫС. БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЖЫЛЫ

21:19, 15 сәуір 2019

Сондай-ақ қос ел президенттері Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылуына да қатысты. Бұл шара Өзбекстанның халықаралық форумдар сарайында ұйымдастырылды.  Кешті ашқан Шавкат Мирзиёев өткен жылы Қазақстанда Өзбекстан жылы болғанын атап өтіп, бауырлас екі мемлекеттің ынтымақтастығына Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесін ерекше атап өтті.

 ШАВКАТ МИРЗИЁЕВ, ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

 Қазақстанда Өзбекстан жылын, ал Өзбекстанда Қазақстан жылын өткізу туралы менің бауырым, елбасы, Қазақстанның тұңғыш президенті, аса қадірлі Нұрсұлтан Назарбаевпен 2017 жылдың қыркүйегінде оның біздің елге жасаған мемлекеттік сапары кезінде келіскен едік. +01:25 Бүгінгі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен Өзбекстандағы Қазақстан жылын ашуымыз екі елдің арасындағы стратегиялық әріптестіктің қарқынды дамып жатқанын көрсетеді. Бұл  -   сенімнің артып, өзара қолдау өсіп, қос елдің бауырлас қатынас үзілмейтіннің белгісі.

 ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Асаламаумағалейкүм ваазиз курмятлы узбек кардешлар. Аса құрметті Шавкат Миромонович, жеке өзіңізге және Өзбекстан халқына жылы шыраймен қарсы алып, қонақжайлылық көрсеткеніңіз үшін зор алғыс айтамын. "Қазақ пен өзбектің базары да бір, мазары да бір" деп балаларымыз бекер айтпаған.  Екі халықтың тілі де, ділі де, тарихы да біртұтас.

Қос ел басшыларының алғысөздерінен соң салтанатты шара гала-концертке ұласты. Оған Әлібек Дінішев, Айман Мұсақожаева сынды Қазақстанның халық әртістері, еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері Майра Мұхамедқызы, Медет Шотабаев, Нұрлан Бекмұхамбетов және халықаралық конкурстардың лауреаты Мария Мудряк және  «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Димаш Құдайберген қатысты. Сонымен бірге өзбек көрермендеріне Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсынан үзінді, «Астана» балет театрының хореографиялық композициялары ұсынылып, ансамбльдер ән мен биден шашу шашты. Айта кетейік, Қазақстан өнерпаздарының мерекелік шашуын бастан-аяқ Өзбекстан басшысының Фейсбуктегі ресми парақшасында тікелей эфирден көрсетілді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«ЭРУДИТТЕР АЛАҢЫ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ
20:59, 21 маусым 2019
«ЭРУДИТТЕР АЛАҢЫ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ
Толығырақ...
АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ
20:56, 21 маусым 2019
АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ
Толығырақ...