ШҰҒЫЛ! ХҚКО ҚЫЗМЕТІ ҚОЛЖЕТІМДІ МЕ ? Толығырақ

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР - БАСТЫ НАЗАРДА

20:09, 16 мамыр 2019

Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Кәлендеров жұмыс сапарымен Қордай ауданында болды.

Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Кәлендеров жұмыс сапарымен Қордай ауданына барды. Онда өндіріс ошақтарының жай – күйімен танысып, өңірдегі тұрғындар арасында қоғамдық қабылдау өткізді.

Облыс әкімінің орынбасары бастаған топ мүшелері алдымен ветеринарлық дәрі – дәрмек өндіретін «Биовит» серіктестігінің жағдайымен танысты. Бүгінде құрылысы аяқталған өндіріс орны қажетті құрал – жабдықтар сатып алуға қаржы күтіп отыр. Тек, мемлекет қазынасынан көмек күтпей, қосымша инвесторлар тартпақшы. Мұнан соң   «Гринвил» компаниясы, «Central AsiaGold Produktion» алтын және күміс металлдардың қорытпасын өңдеу зауыты мен «Первомайские деликатесы» серіктестігіне қарасты мал сою цехына барды. Жылына 6380 тонна ет өндіруге қауқарлы кәсіпорын жергілікті азаматтарды жұмыспен қамтып отыр. Сапар барысында Алға ауылының тұрғындары арасында қоғамдық қабылдау өтті. Тұрғындар көкейдегі сауалдарын қойып, тиісті жауап алды.

Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеровтың жұмыс сапары  аудан активінің қатысуымен өткен жиында түйінделді. Онда сан саладағы әр мәселеге кеңінен тоқталып , жүйелі тапсырмаларды нақтылап берді.

Н.Дәрменқызы «ЖҚ» Қордай ауданы

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА ЖАСАҚТАЛАДЫ
19:37, 16 шілде 2019
ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА ЖАСАҚТАЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар