ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

14:38, 19 маусым 2019

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы, Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып,  «Болашаққа бағдар» атты көшпелі кеңес беру керуені жұмысы Мойынқұм ауданында жалғасты.

Тұрғындар аудандағы қордаланған мәселелерді айтып, өздерінің талап тілегін жеткізді. Өңірге барып қайтқан тілші жалғастырады.

Ақпараттық – насихаттық топ мүшелері аудандық мәдениет үйінде жастар мен өңір тұрғындарын қабылдады. Ашық алаңға келген әр азамат сауалын жолдап, тиісті жауап алды. Әрмен қарай әдеттегідей адалдық алаңының менеджерлері  бірқатар нысандарды аралап, әлеуметтік сауалнама жүргізді. Мәселен, Мағжан Жұмабаев мектебінде сауықтыру лагеріндегі балалардың түскі ас мәзірі мен оның санитарлық жағдайы қарастырылмаған. Ал, орталық ауруханада қағазбастылық жойылмаған. Ем алушылардың ақ халаттыларға айтар базынасы көп. 

Аудандық отбасы денсаулығы орталығында ілінген мемлекеттік ту талапқа сай емес. Интернет жүйесінің жұмысы нашар.

Айгүл ҚАЗАНҚАПОВА ДӘРІГЕР  \3 сағат свет өшті. Соның салдарынан интернет жоқ. Жұмысымызды тоқтатып, кезек көбееді\

Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимараты стандартқа сай емес. Аядай 1 бөлмеде 9 терезе жұмыс істеп тұрғанымен тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуге қауқарсыз. 

Динара СЕРІКОВА АУДАН ТҰРҒЫНЫ \ Мыңаралдан келдім. Свет жоқ.......\

Бір анықтама үшін бірнеше табалдырықты тоздырдым деген азаматша,  аудан тұрғындарының тілек талабы ескерілсе дейді

Динара СЕРІКОВА АУДАН ТҰРҒЫНЫ \ не масқара мынау, жол жаман, жағдай жоқ. Кім реттейді........\

Халық көп баратын  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2 қабатта орналасқан. Сырттағы пандуста шақырту тетігі жоқ.  Жамбыл адалдық алаңы қызметтердің қолжетімділігін қадағалап, кемшін тұстарын назарға алатын  болады.  Келесі кезекте, кәсіпкерлер мен аудан активінің қатысумен жиын өтті. Бірқатар ұсыныстар айтылып, назарға алынды. Ақпараттық керуеннің ендігі бағыты Жуалы ауданы болмақ.

Назима Дәрменқызы Жұмахан Төлеуұлы  «ЖҚ» Мойынқұм ауданы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҒЫЛЫМИ - ТӘЖІРБИЕЛІК АЛАҢНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ
19:00, 11 қараша 2019
ҒЫЛЫМИ - ТӘЖІРБИЕЛІК АЛАҢНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ
Толығырақ...