ШҰҒЫЛ! МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖАҚСАРУЫ КЕРЕК Толығырақ

ПАРАЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫНЫҢ ТАРТУЫ

19:39, 17 шілде 2019

Олимпиада чемпионының тартуы.  Паралимпиада ойындарының  жеңімпазы Зүлфия Ғабидуллина  балаларға ойын алаңшасын жасақтап берді. 11-ші  ықшам аудандағы жаңғырған   балалар ауласынан Серік Жұмабек әңгімелейді.

Пара олимпиада ойындарының жеңімпазы ел мақтанышы Зульфия Габидиллина 11-ші мөлтек ауданының бүлдіршіндеріне базарлық ойын алаңшалары мен спорттық ойын алаңын тарту етті. Бұл алаңда бір мезетте 200-ге жуық бала футбол, баскетбол ойындарын ойнай алады.

Паралимпиада чемпионы Зүльфия  Ғабидуллина рухани жаңғыру бағдарламасына үлес қосуды жөн деп біліпті.  Осылайша 11- ықшам аудандағы  тозығы жеткен ауланы жөндеп берген. Енді    заманауи үлгідегі ойын алаңшалары мен  әмбебап спорттық  жаттығу құралдары көптің игілігіне айналып отыр.   

Зүлфия ҒАБИДУЛЛИНА- ПАРАЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ

Көп қабатты тұрғын үйлердің ауласы абаттандырылып, жаңа кейіпке енді. Бұл  бұқаралық спорттың дамуына сеп болады деген сенім бар. Түрлі алаңдарда командалық спорт түрлерімен қатар жекелей жаттығуға да болады.  Жазғы демалыстағы балалар өз уақытын көңілді өткізуге мүмкіндік туғанына риза болуда.

Нұрзат ЛЕСБЕК

Кәусар АСҚАРБЕК

Қала тұрғындары да бұл игі бастамаға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.  

Дариға АЙНАБЕКОВА –ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Рухани жаңғыру аясында туған жерге туын тігіп, түлетуге үлес қосқан жомарт жүректі жандардың қатары күн санап артып келеді. Ал, паралимпиада чемпионының игі ісінен басқалар да үлгі алар деген үміт бар.

С. Жұмабек, Тоқтар Терлікбаев « Жаңалықтар қызметі» 

Тақырып бойынша материалдар

ҚОРДАЙДА СОҚҚЫҒА ЖЫҒЫЛҒАН ҚАРИЯ ҮЙІНЕ ОРАЛДЫ
20:16, 26 ақпан 2020
ҚОРДАЙДА СОҚҚЫҒА ЖЫҒЫЛҒАН ҚАРИЯ ҮЙІНЕ ОРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
11:45, 24 ақпан 2020
КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДА БОЛДЫ
22:01, 21 ақпан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДА БОЛДЫ
Толығырақ...
"НҰР ОТАН" МЕН КӘСІПОДАҚТЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
19:42, 20 ақпан 2020
"НҰР ОТАН" МЕН КӘСІПОДАҚТЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
Толығырақ...