ШҰҒЫЛ! ТАРИХ – МӘДЕНИЕТ – ТУРИЗМ Толығырақ

ПАРАСАТ МЕКТЕБІ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

15:25, 10 маусым 2019

Таразда жоғары оқу орындарының студенттеріне арналаған «Парасаттылық мектебі» жұмысын бастады. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыс бойынша филиалы студенттерге арнап дәріс ұйымдастырып отыр. Жобаның мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық қалыптастыру және жас өкілдерді дайындау.

Жалпы парасаттылық мектебіне жоғарғы оқу орнының студенттері ақысыз негізде 1 апталық курстан өтеді. ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің білікті мамандары, тренерлер, сарапшылар, психологтар қатысушы жастарға дәріс оқитын болады. Курс барысында интеллектуалдық және іскерлік ойындар ойнатылып, мамандар тәжірибелерімен бөліседі. Сондай-ақ, курсқа қатысушылар топтарға бөлініп, оларға командалық жобалар ұсанылады. Курстың соңында қатысушыларға бекітілген үлгідегі сертификаттар табысталады. Айта кетейік, семинар-сабақ маусымның 10-14 аралығында өтеді.


Сабыр ТҮЛЕНБАЕВ - ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖОБ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар