ШҰҒЫЛ! ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

14:11, 15 шілде 2019

Таразда жоғарғы оқу орындарының мұғалімдері мен пофессор оқытушылар құрамына арналған «Парасаттылық мектебі» жұмысын бастады. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыс бойынша филиалы  оқу орындары мен колледж оқытушылары, заңгерлер мен «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселерінің басшыларына арнап дәріс ұйымдастырып отыр.

Бір апта бойы өтетін семинарда білікті мамандар, тренерлер, сарапшылар, психологтар қатысушыларға дәріс оқитын болады.Оқыту барысында сарапшылар мен арнайы жаттықтырушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа жобалар туралы әңгімелеп, олардың іске асырудағы тәжірибелерімен бөліседі.Сондай-ақ, курсқа қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында жобалық жұмыстарын қорғайды.Семинар соңында «Парасаттылық мектебінің» қатысушыларына бекітілген үлгідегі сертификаттар табысталады. Курс аяқталған соң оқытушылар алған білімдерімен бөлісіп, студенттерді парасаттылық және адалдық қағидаларына үйретеді.Айта кетейік, семинар-сабақ шілденің 15-19 аралығында өтеді.

Әділхан ӘШІРБАЕВ - ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ОБЛЫС БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

К.Шәмші, Т.Терлікбай ЖҚ

Тақырып бойынша материалдар

ТОРЖЕСТВЕННАЯ ЦЕРЕМОНИЯ НАГРАЖДЕНИЯ
21:12, 13 желтоқсан 2019
ТОРЖЕСТВЕННАЯ ЦЕРЕМОНИЯ НАГРАЖДЕНИЯ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
19:05, 12 желтоқсан 2019
ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...