Педагог тәжірибесіндегі арт-терапияның орны

20:00, 16 мамыр 2017   101

Арт-терапия – педагог тәжірибесінде. Оқыту әдісінің бұл түрі елімізде енді дамып жатыр. Адамның шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймай, оның бойындағы қасиеттердің мүмкіндігін ашуға жағдай жасайтын бұл тәсілді  Тараз қаласындағы «Аю» балабақшасы бүлдіршіндер тәрбиесіне қолданып келеді.  Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде ашылған балабақша тәрбиешілері арт-терапияның берері мол дегенді айтады. Бүгін осы мектепке дейін мекемеде семинар өтіп, ұжым өз тәжірибесімен өзгелермен бөлісті.

Арт-терапия дегенде, оны тек сырқат немесе демалыс үйіндегі емделушілерге қолданылатын ем деген түсінік ойға бірден орала кететіні рас. Алайда, қазіргі кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде.  Бұл тәсіл тек емдеу ғана емес, сонымен бірге тұлғаның дамуы мен үйлесімділігі, кез-келген жағдайды шешуге көмек көрсету үшін қолданылады. Ал балабақша тәрбиесіне енгзудің маңыздылығы сол – баланың өз қатарластарымен, ата-анасымен, тәрбиешілерімен, бір сөзбен айтқанда айналасындағы адамдармен қарыс –қатынас процесін жеңілдетеді.  Ашылғанына бір жарым жыл болған «Аю» балабақшасы сол уақыттан бері осы оқыту әдісіне ден қойған.

Даниял Жылгелді 

/мен жақында мектепке кетем. Балабақшадан көп нарсе үйрендім. Сондықтан сабақтан да қиналмайтын шығармын/.

Мүслім Жазыхан 

/маған балабақшада ұнайды. Құммен жұмыс істегенді ұнатам. Өскенде құрылысшы болғым келеді/.

Бүгінгі семинарда бүлдіршіндер драма, би, бейнелеу, құм терапиясы мен түрлі көріністер арқылы өз бойларындағы қабылеттерін бейнеледі. Семинарға өзге балабақшадан тәжірибе алмасу мақсатында қатысқан педагогтар арт-терапияның артықшылықтарына көз жеткізді.

Айгүл Таласбаева - №32 балабақшасы ағылшын пәнінің мұғалімі

/бүгін біз «Аю» балабақшасына семинарға келіп отырмыз. Өзіміздің тобымызбен екі топқа сабаққа кіріп шықтық. Ұнады, осы көрген сабақтарымыздан көптеген тәжірибе алдық. Болашақта өзіміздің балабақшамызға да енгізуді жоспарлап отырмыз/.

Бағдат Майлыбаева, «Аю» балабақшасының құрылтайшысы

/қазіргі уақытта оқытудың түрлері көп. Бірақ соны дұрыс қолдану, балаларға түсіндіру қиын іс. Олар ұялшақ болады. Өздерін көрсете білмейді, сол жағын біз көбінесе ашқымыз келеді. Бала өз ойын еркін айтып, тәрбиеші оны тыңдай білу керек. Бізде мектептегідей неше түрлі кабинеттер: монтасорика, логопед, физкультура, кабинет искуства, музыка, фитотерапия, ағылшын тілі кабиенттері бар. Балалар мектептегідей кабинеттен кабинетке көшіп, тәлім алады/.

Бала тәрбиесінде балабақшаның алаты орны ерекше. Олай дейтініміз, қазіргі заманда жұмысбасты ата-аналардың бүлдіршінге қарауға мұршасы бола бермейтіні ащы да болса шындық. Ал мұндағы тәрбиешілер мен педагогтар балабақшадағы 300 баланың әрқайсысының жақсы тұлға болып қалыптасуына, бойындағы бар қасиеттерін ашуға барымызды саламыз дейді. Сондықтан мектепке дейінгі мекемедегі балалардың білімі мен тәрбиесіне енгізіліп жатқан әрбір жаңашылдықты өз тәжірибелеріне енгізіп отырады.   

 

Аягөз Тілеуханқызы, Тоқтар Терлікбаев, «Жаңалықтар қызметі»

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40