Полиция қызметі: Абырой мен міндет

22:30, 13 наурыз 2017   348

Қоғамдық тәртіпті нығайту, қылмысты ашу, яғни қауіпсіздікті сақтауда – полиция қызметкерлерінің еңбегі зор. Асқан қырағылық пен табандылықты талап ететін бұл қызметтің жауапкершілік жүгін арқалау оңай емес. Тараз қаласы әкімінің қатысуымен өткен кезекті жиында жергілікті полиция қызметінің бүгінгі жай-күйі сөз болды.  Қандай қылмыс түрі өсті немесе кеміді? Аталған саланың кемшін тұстары неде? Алдағы бейнесюжетке назар аударайық.

Жиында мәлім болғандай, ауыр және аса ауыр қылмыстар саны 133 тен 94 ке дейін төмендеген. Ал, керісінше қылмыстың жекелеген түрлері күрт өскені байқалады. Мәселен, кісі өлтіру 1 ден 5 ке, ұрлық 26 дан 29 ға бір ақ жеткен. Адамдарды қылмыс жасауға не итермелейді? Бұған ең әуелі, жұмыссыздық, сосын алкогольге тәуелділік және тұрмыстық жағдайы бірден бір себеп болуы мүмкін екен. Бұл, әрине, мамандар пікірі.

Жақсылық Бүйтеков, Тараз қалалық ІІБ Жергілікті полиция қызметі басшысының міндетін атқарушы

Біз алдағы уақытта қоғамға қарсы өмір салтын қалыптастырушы «қылмыскерлер ошағын» анықтауды жоспарлап отырмыз. Және ол жерлер анықталған жағдайда бақылау- қадағалау жұмыстарын күшейтетін боламыз

Кездесу жиынында бұдан өзге проблемалық мәселелер қозғалды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе, мамандар жетіспеушілігі. Сондықтан полицейлер өздеріне артылған 480 белгіленген жаяу бағыттың тек 25 ін ғана орындап үлгереді. 43 патруль көлігі бағытының 18-і, ал 28 ат патрулінің 7 еуі ғана қамтылады. Жергілікті полиция қызметінің басшылығы әлі де 500 қызметкерге сұраныс бар екенін атап өтті. Десе де, әр полицей өз міндетіне жауапкершілікпен қарағаны жөн – ақ.

Жиын барысында тәртіп мәселесі де қаралды. Ол жөнінде жауапты инспекторлар баяндама жасады. Қоғамдық тәртіпті орнату жолында жұмыстар жалғасын тауып, одан әрі күшейтіле беретін болады.

 

Қымбат Қаржауқызы, Тоқтар Терлікбаев, «Жаңалықтар қызметі»

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40