ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

ПОЛИЦИЯ МЕКЕМЕЛЕРІ АШЫҚ ҚАБЫЛДАЙДЫ

15:29, 6 маусым 2019

Халықпен жұмыс істеудің жаңа форматына көшу – заман талабы. Жамбыл облысы полиция департаменті  жергілікті тұрғындармен ашық жұмыс жүргізу мақсатында «Азаматтарды қабылдау» бөлмесін ашуда. Жаңа бөлімше жұмысы полиция қызметін сервистік модельге көшіруге бағытталған. Кезекті ашылу салтанаты Жуалы, Меркі ауданында ұйымдастырылды.

ҚҰЗЫРЛЫ ОРГАНДАРҒА  енді, емін еркін кіре аласыз. Ол үшін арнайы  «Азаматтарды қабылдау»   бөлмесі ашылып отыр.     Жуалы ауданының тұрғындары құқықтық  кеңестер мен қажетті ақпаратты  полиция бөлімінде ала алады.  Сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу шараларына қатысты ұсыныс-пікірлерін білдіруге мүмкіндік бар.

Арман ОРАЗАЛИЕВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Азаматтарды қабылдайтын бөлме Меркі ауданында да ашылды. Мұнда келушілерге барлық жағдай жасалған. Ашық алаңда пікір алмасу мәселенің дер кезінде шешілуіне ықпалын тигізеді. Сонымен қоса, жедел, қолжетімді.

Равиль ТӨЛЕБАЕВ ҚРМҚІСЖІҚА ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ

Жамал ҚУАНЫШЕВА АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Дәл осы күні,  аудан тұрғындары департамент басшысына түрлі  сауалдарын айтып,  тұщымды жауаптар  алды.

Назима Дәрменқызы «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар