ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМДІ НЫҒАЙТАДЫ

20:24, 18 маусым 2019

Қоғамның билікке  деген сенімін арттыру өте көкейкесті мәселе. Депутат Сауытбек Әбдірахманов елімізде әділет бұрынғыдан да арта түседі деген пікірде. Бүгін Мәжіліс қабырғасында Қазақстан халқы ассамблеясынан сайланған депутаттардың  отырысы өтті.  Жиында Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы мен ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөздерінен туындаған міндеттер талқыланды. Мәжілісмендер билік өкілдерінің халық алдындағы жауапкершілігін арттыру қажет деп есептейді. Жаңадан құрылғалы жатқан ұлттық қоғамдық сенім кеңесі соған өз септігін тигізуі қажет. Ал бұл жұмыстардың тиісті деңгейде атқарылуын бақылап, биліктен талап ету депутаттардың басты міндеті. 

САУЫТБЕК ӘБДІРАХМАНОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ 

Қазіргі таңда еліміздің алдында жаңа саяси кезең ашылып отыр. Көп дүние өзгереді, қоғамда әділет бұрынғыдан арта түседі деп күтіп отырмыз. Оның нақты жолдары - қоғамның билікке сенімін арттыру мәселесі өте көкейкесті болып тұр. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар