ШҰҒЫЛ! БАҒАЛЫ ТОНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ САПАРЫ

19:55, 12 сәуір 2019

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысындағы жұмыс сапары жалғасуда. Ақтаудағы Достық үйіне жиналған жұртшылық бүгін Президентпен бетпе бет жүздесті. Жиынның ашылу салтанатында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге жасаған сапарының маңыздылығына тоқталды.  Тарихтың аса жауапты сәттерінде маңғыстаулықтардың ел басшылығына әрдайым қолдау көрсеткенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, Үкіметке, министрліктерге, әкімдіктерге, даму институттарына тұрмыс сапасын арттыруда, жемқорлықпен күресте және кадрлар іріктеу кезінде нені назарда ұстау қажетін айтты.Толығырақ тілшіміз Шынар Асанқызының материалында.

Бар қазақ қадір тұтқан батырлар мен 362 әулиенің киелі мекеніне Қасым Жомарт Тоқаевтың құрметі ерек. Елдіктің тірегі болған өңірге тәу еткелі келгенін айтты. Бірақ, жұмысты да ұмытуға болмайды. Жергілікті биліктің аяқ алысын аңдап, алдағы атқарар міндеттін анықтап берді. 

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Жергілікті әкімдер қарапайым халықпен байланысып.қарапайым адами қатынаc жасауға мән беру керек..........Мен мұны Түркістанға барғанда және облыс әкімдерімен өткізген жиын да да айттым. Әкім болу ең алдымен халыққа жақын болу деген сөз.. Ең басты міндет адал қызмет етіп, елдің көңілінен шыға беру. Әкімдер  тек есеп беруде ғана емес, халықпен апта сайын ай сайын тұрақты жүздесіп,  елд имекендерді түгел аралауы тиіс. Барлық де ңгейдегі аймақ басшылары тұрғындарды толғандырған мәселені шешу керек. Сонда ғана билік пен халық арасында сындарлы диалог орнайды.

Бірақ, сындарлы диалогқа сызат түсіретін бір нәрсе бар. Сыбайлас жемқорлық деген. Қолында билігі барлардың көбінің сүйегіне әбден сіңіп алған. Президент дертті жоюдың жолын айтты.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Бұл мемлекеттік орнықты дамуына ,ұлттық қауіпсіздікке қатер қатер төндіреді. Жемқорлықты түбегейлі жою аса маңызды міндетке айналдыру керек. ........... Жемқорлық бұл батпандап кіретін, мысқалдап шығатын дерт. Осы дертке мықты дәрі қолданбаса одан арылу мүмкін емес. Тиісті іс шараларды одан әрі жүзеге асыра береміз.  00 12 39 Біздің қоғамда жемқорлық жымқырукшылық аса ұят нәрсе саналуы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа жол берген тұлғалар қатааң жазаланады.Бірақ, мұны науқаншылдыққа айналдырмаған дұрыс.

Науқаншылдық, көзбояушылық. Біздің қоғам арылуы тиіс ең басты теріс әдеттер осы деді Президент. Айтпақшы, Мемлекет басшысы жекебасқа тым табына беруді де құп көрмейді екен.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мне сообщили, что в Актау поставили 14 билбордов с моим изображением. Считаю, что это совершенно неуместно, я не нуждаюсь в такого рода пропаганде.К чему такая административная   ретивость. Билборды надо посвящать демонстрации реальных успехов нашего государства во главе с Елбасы. Это мое указание акимом всех уровней.

Әкімдерге қойылатын тағы бір талап  - үнемшілдік.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мемлекет қаржысының ретсіз жұмсалуын, ысырапшылдықтың алдын алу керек. Біздің кейбір әкімдеріміз бен министрлеріміз бюджетке таусылмайтын қоржын ретінде қарайды. Бізде тиімсіз шығындар өте көп. Мерекелік шараларды әбден жақсы көретін болдық. Қымбат көліктерді сатып алатын болдық. Қызмет кабинеттерінде керемет жөндеу жұмыстарын жүргізетін болдық. .... осындай келеңсіздікке тосқауыл қоямын. Көрпемізге қарай көсілу керек.

Далаға қаржы шашқанша, шалғайдағы елді мекендердің жағдайын жасаңдар деді.  Мәселен, 151 мыңнан астам халқы бар Жаңаөзенде жұмыссыздық, инфрақұрылымды дамыту мәселесі әлі бар. Жұмыс іздеп Ақтауға сабылған оларды жұмыспен қамту, жатақхана беру әкімдікке міндет. Президент жұмыссыздықты жоюдың бір жолы кәсіпкерлікті дамыту деді. Аймақта басталғанынан  ай болған Бизнес үш күнде жобасы аясында қазір жүз отбасы бизнесін ашып үлгеріпті.

ГҮЛСІМ ӘЛШОРАЕВА, КӨП БАЛАЛЫ АНА:

Үйде отырып ақ нан өнімдерін тәтті тоқаштар үй тағамдарын пісіремін. Бұл отбасымыздың негізгі табысына айналып келеді.Мен ешуақытта өзімнің жеке брендім болады деп ойлаған емеспін. Бұл үшін ел ағаларынан, елбасына үлкен алғыс

Қасым Жомарт Тоқаевтың инстаграмм, твиттердегі тұрақты оқырмандары Ақтауда да аз емес секілді. Мемлекет басшысымен әлеуметтік желіде тілдесуге мүмкіндік туғанына әсіресе жастар жағы риза. Президентке интернеттің мүмкіндігін барынша пайдалануға қатысты өз ұсыныстарын да айтты.

ӘСЕМ САРТБАЕВА, ЖУРНАЛИСТ:

Бірінші, әлемде тренд болып тұрған опен юниверсити тәжірибесін еліміхзде кеңінен қолдануға шаұырамыз. Ол дегенімізі университет профессорларының сабағын  үйде отырып ақ алу, әсіресе шалғай жатқан елдер үшін пайдалын. Екіншіден шетелде оқып келген көзі ашық білімді азаматтар ауылға бір жылға барса.

ШЫНАР АСАНҚЫЗЫ, ТІЛШІ

Маңғыстаудың мұнайлы өлке екені, түсер табыстың да көбі содан екеніне дау жоқ. Бірақ, Қасым Жомарт Тоқаев тек мұнайға сеніп, өмір сүруге болмайтынын айтты. Қазіргі заманда бұл тиімсіз. Сондықтан, туризмді дамытқан жөн. «Ақтау теңіз порты» еркін экономикалық аймағына инвестиция тартуды қолға алу керек.  Міне, осылар ғана экономикалық өсім мен өңірдің әл-ауқатын арттыруға кепіл болады алады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар