ШҰҒЫЛ! ТАРИХ – МӘДЕНИЕТ – ТУРИЗМ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ - ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ

20:33, 17 маусым 2019

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықталу рәсімінде атап өткен он маңызды бағыттарын жүзеге асыру, халықтың тұрмыс сапасын арттыру жолында облыста нақты жұмыстар қолға алынуда. Ол бойынша арнайы қаулы қабылданып, іс-шаралар  жоспары бекітілмек. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен жиында жан-жақты айтылып, сараланды.

Бекітілетін іс-шарада тұрғындар арасындағы жұмыссыздықпен күрес, олардың тұрмыс-тіршілігін жақсарту және табысын арттыруға бағытталатын  бірқатар мәселелер қамтылмақ. Бұл орайда басымдық қарапайым заттар экономикасын дамыту  мен әрбір елдімекендерде кооперативтер құру жұмыстарына  негізделетін болады. Жиында бұған дейін өңірімізде қолға алынған қарапайым заттар экономикасын дамыту мен әрбір елдімекендерде кооперативтер құрудың тиімділігі тілге тиек етіліп, атқарылып жатқан шаралар туралы айтылды.  Бұл жұмыстарды жүзеге асыру арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу, табыс көздерін арттырудың тың мүмкіндіктері туындамақ. Алдағы уақытта әрбір ауыл мен ауланың экономикалық төлқұжаты жасалмақ. Оған аудан, ауылдық округ әкімдері де барынша атсаласуы қажет. Асқар Исабекұлы осы және өзге де жұмыстарды тиянақтап, есеп-қисап және түгендеу жұмыстарын жүргізу үшін жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді. Айта кету керек, бұл бағытта облыста жаңа ауқымды басқарма құрылатын болады. Жаңа құрылым тек осы міндеттерді жүзеге асыру және жүйелеумен айналыспақ. Ол ғана емес, өңір басшысы бұл жұмыстарға қоғам белсенділерін де тарту керектігін баса айтты.

Қымбат ҚАРЖАУҚЫЗЫ, Марат ТАУБАЕВ, «ЖАҢАЛЫҚТАР ҚЫЗМЕТІ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар