ШҰҒЫЛ! ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ӨЗБЕКСТАНҒА САПАРЫ

14:44, 15 сәуір 2019

Қазақстан президенті Қасым- Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары басталды. Ташкентте екі елдің президенттері тұңғыш рет кездеспекші. Сапарда әдеттегідей сауда, әлеуметтік-гуманитарлық мәселелермен қоса, көлік-транзит жайы да талқыланбақ. Қазақстанның Өзбекстанмен арадағы тауар айналымы қазір 2 миллиард доллардан асады. Көрсеткішті, 2020 жылға қарай бес миллиард долларға жеткізу көзделген. Енді бұл жолғы сапарға оралсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапары алдында өзбектің ұлттық ақпарат агенттігіне сұхбат берді. Президенттің пікірінше, "Қазақстан мен Өзбекстан арасында іс жүзінде конструктивті диалогсыз шешілмейтін бірде-бір мәселе жоқ". Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатыспақ.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ДОСТЫҚ» АЛАҢЫНА ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ
18:57, 18 сәуір 2019
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ДОСТЫҚ» АЛАҢЫНА ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...