ШҰҒЫЛ! САЛЫҚТАН ЖАЛТАРҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА

20:30, 15 мамыр 2018

Елімізде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. Бүгінгі таңда пробация қызметінде есепте тұрған жаңдармен жүргізіліп жатқан жұмыстың барысы облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековтың төрағалық етуімен өткен жиында қаралды.Жамбыл облысында 5 түзеу мекемесі бар. Олардан жыл сайын жүздеген адам бостандыққа шығады. Алайда, бас бостандығынан айрылған жандар көп жағдайда жұмысқа орналасуға, қандай да бір бағдарламаларға қатысуда шеттетіліп жататындығы жасырын емес. Сөйтіп, олардың қолымен қайта қылмыс жасалуы мүмкін. Сондықтан, бас бостандығынан айыру мекемесінен шыққандарды қазір бірден пробация қызметіне түркеуге алып, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жұмыс жүргізілуде. Бірақ, осыған қарамастан кейбір аудандарда пробация қызметін дамытуға лайықты қаражат бөлінбей келеді. Оларға арнайы бөлме беріліп, ол құрал- жабдықтармен, тұрақты мамандармен қамтамасыз етілуі керек. Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары пробация қызметін дамытуда жауапты орган басшыларына қарап отырмай жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыруды тапсырды.

Бекболат ОРЫНБЕКОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

АЙБОЛ  ҚАРАШ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНА ЖАҢА ПРОКУРОР  ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:20, 13 тамыз 2018
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНА ЖАҢА ПРОКУРОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...