ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ САЛТАНАТТЫ ШЕРУ ӨТТІ

15:15, 4 маусым 2019

4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Осыған  орай Тараз қаласында мерекелік шеру ұйымдастырылды. Шаһардың басты көшелері арқылы шеруге қатысушылар  Мемлекеттік Рәміздерді сән-салтанатымен алып өтті.

Көк туымыз тұғырлы, Елтаңбамыз еңселі, Әнұранымыз айбынды ел ретінде бүгінгі мерекенің орны ерек. Рәміздер - қазақстандық патриотизмнің, Отанға деген махаббаттың, мәдениеті мен дәстүрлеріне деген терең құрметтің негізгі белгісі. Айтулы мереке облыс орталығында да кең көлемде аталып өтті.

 Рәміздеріміз барша Қазақстандықтардың рухын асқақтатып, бітім-болмысын айшықтайтыны белгілі. Міне,  бүгінгі мерекеде Тараздың басты көшелері арқылы шеру өтуде. Оның құрамында 200ден астам қала жастары мен арнайы мотошерушілер бар.

Бүгінгі күннің маңыздылығын облыс жұртшылығына паш ету мақсатында басталған іс-шараға қала тұрғындары қызығушылық танытты. Студент жастар рәміздерімізді ұлықтауға ат салысты.

Қыдырәлі Ақбердиев   / Студент

 Тараз төріндегі шеру салтанаты Тұңғыш Президент саябағынан «Сахна» алаңына дейін жалғасты.

Данияр Асқарұлы

Тоқтар Терлікбай «ЖҚ»

 

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар