Республикалық «Жер-2017» командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

19:22, 12 қазан 2017

Тараз қаласында жер сілкінді. Қазақстанның түкпір-түкпірінен көмекке құтқарушылар келді. «Жер-2017» оқу-жаттығуының  сценарийі осы оқиға желісінде өрбіді. Бұл іс-шараға еліміздің Ішкі Істер Министрлігінің өкілдері мен облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков қатысты.

Республикалық оқу-жаттығу шарасы 2 күнге жалғасады. Оның бірінші күні, яғни бүгін жер сілкінісі кезінде орын алған апатты жағдайлар кезінде көрсетілетін алғашқы көмекке арналды.

Бұдан соң, жедел әрекет ету тобының қызметі жұртшылық назарына зардап шеккен тұрғындарға шұғыл  түрде көрсетілетін көмек түрлерін ұсынды. Оған қоса жиналғандарға тыныс алу жолдарын қорғау үшін пайдаланылатын құрылғылар мен пилотсыз ұшу қондырғылары таныстырылды.

Ертең оқу-жаттығудың екінші кезеңі өтеді. Онда өрт орыналған жағдайда  күйік шалғандар мен түтінге уланғандар іздестіріліп, оларға көмек көрсетілетін болады. Сондай-ақ, өртсөндіру кезінде қолданылатын әдіс-тәсілдерге кезек беріледі. Осылайша, Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары Қордай ауданының, ал Маңғыстаулық құтқару қызметі Жуалы ауданының аумағында өз оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізбек.

Гүлзат Сейдуллақызы, Ғалымжан Есенбаев, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Тараздағы 80 отбасыға пәтер берілді
20:10, 15 желтоқсан 2017
Тараздағы 80 отбасыға пәтер берілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар