Рухани код – жаңғыру өзегі

20:00, 19 сәуір 2017   243

Бүгін «Нұр отан» партиясы Тараз қалалық филиалының ұйытқы болуымен облыс орталығында семинар болып өтті. Оған партия өкілдері, мәслихат депутаттары және қала басшысы қатысты. Алқалы жиында Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы талқыға түсті.

Елбасы мақаласы - елге арналған. Ұлттық код- жаңа ұғым, ұлық ұғым. Әйтпесе, бәрі аты бар, заты жоқ жаңғырық. Елбасы мәселені осылай төтесінен қойды. Және жаңғырудың кешенді жоспарын ұсынды.

Арын Асқарбеков,  «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Руханиятымыздың қайнар көзіне айналған құжат тағылымы мол, тарихымен  арқауы үзілмеген ұлттық смалт дәстүріміздің өркендеуінің өзегі. Ұлттық санамен ұшқын ой, білім мен бәсеке, прогматизм мен ұлттық бірлікті сақтау қағидаттары айқындалып, әрбір қадамды нық басуға жөн сілтенді.

Елдің иесі, жердің киесі бар дейді Қазақ. Елбасы осы даналықтың мәнін ашты. «Туған жер» бағдарламасы –туған елдің барша құндылықтарын ұлықтау. Түпкі нәтиже  – «Жаһандағы заманауи Қазақстандық мәдениет». Мақсат  орындалса – экономика да, туризм де, ұлттық абырой асқақтай түсері анық. Семинарда осындай сан тарау ойлар  тоғысты.

Мұрат Бердалиев, «Бәйтерек» бастауыш партия ұйымының төрағасы

Туған жер бағдарламасы жатарды патриотизмге тәрбиелеу, туған елді сүю арқылы патриотизмді арттыра түспек. Бізде туған жерге мектеп, балабақша салып көркейткен азаматтар бар. Енді олардың қатарын көбейту керек.

Бақкелді Далабаев, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы

Бабалардан қалған мұраныжаңа тұрпатта ілгерілету басқа іс. Мақалада Елбасы туған жер, 100 оқулық, 100 жаңа есім секілді бірнеше жобаның мәні мен ұрпақ тарибесіндегі ролін ашып бағасын берді.

Елбасы қайталап  айтты, біз де қайталайық. Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса ешқандай жаңғыру болмайды.  Қазақстан халқы жасампаз болғысы келсе, өркендеген елде өмір сүргісі келсе -  жұмылатын бағыт осы. 

Рүстем Дәулет, Тараз қаласының әкімі

Барша Қазақстандықтарды ортақ мүдде, бір мақсат аясында топтастырушы күш боларын анық. Елбасы тапсырмасы әрібір Қазақстандықты жаңа жетістіктерге жігерлендіреді. Ел біріксе алынбайтын асу жоқ. Ендеше ұлт мұраты жолында барша халық бірігуі керек деп санаймын.

Жалғас Қошқарбай, тілші

Жаһандану желімен жеткен, айтқаны келіп, атқаны тиген батыстың  мәдениеті бар жерде өміршең емес. Демек, рухани жаңғырудың жолын ұсынған Елбасы мақаласы – уақыт талабы.  

 

Жалғас Қошқарбай, Өміртай Ыбырай «Жаңалықтар қызметі» 

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40