ШҰҒЫЛ! ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ - ӨҢІРДІ ДАМЫТУ Толығырақ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

20:30, 16 мамыр 2018

Бүгін орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов баспасөз мәслихатын өткізді. Онда аймақ басшысы өңірімізде Елбасының «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алда тұрған міндеттерді баяндады.

Бұл үлкен идеологиялық құжат болғандықтан оны түсіндіру мен жүзеге асыру аса маңызды деді облыс әкімі. Жамбыл жерінде де Елбасы мақаласының мән- мағынасын жаппай түсіндіру үшін ауқымды жұмыстар атқарылған. Мәселен: өткен жылы 1.1 млрд. теңге бөлініп, 24 жоба қолға алынған. Ал, биылғы жылғы жұмыстар одан екі есеге көп. Үстіміздегі жылы 3,8 млрд. теңгеге 122 жоба мен 77 іс –шара өткізу жоспарланған. Ол қаржының 400 млн. теңгесі облыстық бюджет есебінен болса, қалғаны меценаттардың көмегімен жүзеге асады.

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Елбасы мақаласынан туындайтын бірқатар жобалар аясында осы өңірде туып өскен азаматтар көмегімен спорт кешендері мен өзге де нысандар салу ісі жүргізілді. Білім саласында енгізу үшін Жамбыл облысындағы 257 мектепте рухани жаңғыру орталықтары ашылды. Қазір цифрландыру бойынша электронды архив жобасы, ақын- жазушылар мен шешендердің, билер мен батырларды халық жадында сақтау үшін Әулиеата өңірінің көп томдық әдеби энциклопедиясы жарық көруде. Жеңіс мерекесі қарсаңында батыр Бауыржанның ескерткіші өз орынын тауып, саябақта мәңгілік алау мен ардагерлер есімі жазылған ескерткіш тақта да бой көтерді. Осының барлығы да Жамбыл жерінде рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстардың бір парасы ғана деді облыс басшысы. Алда, бұл бағыттағы жоба да жоспар да жеткілікті.

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Баспасөз мәслихаты соңында журалистер Рухани жаңғыру бағдарламасы мен өңірдің дамуына қатысты өзге де мәселелерге қатысты бірқатар сұрақтарын қойды.

Айбол ҚАРАШ

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАБАҚШАДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ КАБИНЕТТЕР АШЫЛДЫ.
20:30, 17 қазан 2018
БАЛАБАҚШАДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ КАБИНЕТТЕР АШЫЛДЫ.
Толығырақ...
ТІЛ ЖАҢҒЫРУЫ: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА ӘЛІПБИІ
20:30, 17 қазан 2018
ТІЛ ЖАҢҒЫРУЫ: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА ӘЛІПБИІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар