Рухани жаңғыру – ұлттың болашағы

19:30, 18 сәуір 2017   336

Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының мәні мен мазмұнын, маңызы мен мағынасын өңіріміздегі жоғары оқу орындарының студенттер де кеңінен талқылады.

Тарихи маңызды құжатқа белсенді жастармен қатар институттың  профессорлық-оқытушылық құрамы да жан-жақты қолдау білдірді. Елбасының көлемді мақаласында халықты толғандырып жүрген мәселелердің барлығы көрініс тапты. Оның ішінде  өскелең ұрпақтың ұлттық болмысын сақтап қалумен қатар бәсекеге қабілеттілігін арттыруға баса мән берілді. Сондықтан бұл бағытта педагог мамандарды даярлайтын іргелі оқу ордасында білім алып жатқан болашақ ұстаздардың  рөлі арта айрықша. Жиында жасалған барлық баяндама мен айтылған ойлар осы тақырып төңірегінде өрбіді.

Алтынай Төленді, студент

Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы. Соңғы кезде ғылым мен техниканың дамуына байланысты елімізде көптеген жаңғыртулар айтылып жатыр.Бұған біржақты қарауға болмайды. Елбасының жолдауы бұл рухани мәдениет, ұлттық құндылық пен сананың жаңғыруы.

 

Алмат Садуақас «Жаңалықтар қызметі»

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40