Рухани жаңғыру – жастарға бағыт

19:27, 12 қазан 2017

Талас ауданында Елбасының рухани жаңғыру мақаласын  арқау еткен жастар форумы өтті. Мақаладан туындайтын мақсаттар мен міндеттерді жастар арасында кеңінен насихаттауды көздеген басқосуды аудандық ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығы мен аудандық прокуратура бірлесіп ұйымдастырды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласы – жастардың нақты қадамдарына жол бастайтын келелі ойдың келбеті. Бұл- еліміздің бақытты болашағы мен кемел келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Форумда таластық жастар осы сынды тұщымды ой, пайымды пікірлерін ортаға салды. Жиынға қазақ елінің абыройын асқақтатып жүрген  үш дүркін «Қазақстан барысы» атанған палуан Бейбіт Ыстыбаев, ақын Марал Хантөреқызы сондай-ақ, өзге де қонақтар қатысты.

Елбасы келешекте көш тізгінін ұстайтын осы жастар екендігін, сондықтан оларға үлкен сенім артып, болашақтарын баянды етуге бар мүмкіншілікті жасап жатыр. сол сенімді ақтау – өскелең ұрпақтың міндеті, ол үшін аянбай тер төгуіміз керек, дейді жастар.

Форумға қатысушылар сондай-ақ, жастар арасындағы  өзекті мәселелері жөнінде ашық пікір алмасты . Рухани жаңғыру мақаласы аясында ауданда атқарылып жатқан игі істер жайымен таныстырды.

Аягөз Тілеуханқызы, «Жаңалықтар қызметі» Талас ауданынан

Тақырып бойынша материалдар

Тараздағы 80 отбасыға пәтер берілді
20:10, 15 желтоқсан 2017
Тараздағы 80 отбасыға пәтер берілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар