ШҰҒЫЛ! «ОҚУШЫ АРЛАНЫ» ТУРНИРІ Толығырақ

САХНАДАҒЫ 25 ЖЫЛ

14:42, 16 мамыр 2019

Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі,  Мадина Сағынбекованың киелі сахнада жүргеніне 25 жыл. Осыған орай, әнші  туған топырағында концерттік кеш өткізіп, көпшілік көрерменімен қауышты.

Он алты жасынан бастап көрермен көзайымына айналған  әншінің жиырма бес жыл ішінде үш жүзден астам әндері киелі сахнаны тербеген. Өнер әлеміндегі ширек ғасыр   «Сайра бұлбұл» атты шығармашылық кеште бір қорытындыланғандай болды.  

Мадина САҒЫНБЕКОВА Қ.Р МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ

Ал, концертке жиналған көпшілікке түрлі жанрдағы әндер тарту етілді.  Бұл кешке әншінің өнердегі достары Досымжан Таңатаров пен Айгүл Иманбаева және  филармониядағы әріптестері де қатысты. Олар кештің мәні мен мазмұнын байыта түсті.

Құрмаш ҚУАНЫШБЕКОВ  ӘНШІ

Әулиеатаны әнімен тербеп, халықтың ыстық  ықыласына бөленген Мадина Сағынбекованың шығармашылық кеші әлі де жалғасын таппақ. Коцерттік шара  соңы құттықтауларға ұласып, сый-сыяпаттар тапсырумен аяқталды.

А.ЕРМЕКҰЛЫ,  А.ӘДІЛ   «ЖАҢАЛЫҚТАР ҚЫЗМЕТІ»

                                            

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ФУТБОЛДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ  Х ТУРЫ АЯҚТАЛДЫ
22:08, 13 мамыр 2019
ФУТБОЛДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ Х ТУРЫ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...