ШҰҒЫЛ! АРЫС. БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

САЙЛАУДЫ ӨТКІЗУ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ СЕМИНАР - КЕҢЕС

22:12, 24 мамыр 2019

Таразда ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбиля Мұстафинаның қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу мен ұйымдастыру жөнінде семинар-кеңес өтті. Басқосуға өңірдегі аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары мен хатшылары, сондай-ақ түрлі саяси партиялар мен қоғамдық бірлестік өкілдері қатысты.

Семинарда Сәбиля Мұстаина еліміздің «Сайлау туралы» заңына енгізілген өзгерістер жайында кеңінен түсінік берді. Оның ішінде мәслихаттарды құрудағы жаңашылдықтар, «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы негізінде сайлаушылар тізімін қалыптастырудағы жаңа талаптар мен сайлау органдарының қызметін жетілдіру мәселелері жан-жақты баяндалды. Сайлау кезінде еліміз бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтардың бұл маңызды науқанға қатысуы үшін қарастырылған барлық жағдайлар жайы айтылды. Нақытылы кезеңде Жамбыл облысында сайлауға даярлық жоспарға сәйкес жүргізілуде. 484 сайлау учаскесі талапқа сай жарақтандырылып, сайлаушылар тізімі түзілген. Алдын ала жинақталған мәліметтер бойынша біздің аймақта 717 970 азамат сайлауға қатысады деп күтілуде. Олардың 5,4 пайызын мүмкіндігі шектеулі жандар құрайды. Ондай азаматтардың сайлауда дауыс беруі үшін барлық жағдай жасалған. Жиында сондай-ақ, сайлау күні атқарылатын жұмыстар жайы бейнефильм ретінде көрсетілді.,

Рүстем ДӘУЛЕТ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ

 

А. Тілеуханқызы, Ө. Ыбыраев, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«ЭРУДИТТЕР АЛАҢЫ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ
20:59, 21 маусым 2019
«ЭРУДИТТЕР АЛАҢЫ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ
Толығырақ...
АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ
20:56, 21 маусым 2019
АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ
Толығырақ...