ШҰҒЫЛ! «ОҚУШЫ АРЛАНЫ» ТУРНИРІ Толығырақ

САЙЛАУҒА ДАЙЫНДЫҚ

21:07, 15 мамыр 2019

Алдын ала болжам бойынша алдағы кезектен тыс өтетін Президент сайлауына Жамбыл облысынан 700 мыңнан астам азамат қатысады. Бүгінде Жамбыл облысында 484 учаскелік сайлау комиссиясы тіркелген, олардың 23-і халық санына сәйкестендіріліп, биыл ашылып отыр. 3666 мүшесі бар. Маңызды саяси науқанды ойдағыдай өткізу мақсатында, облыстық аумақтық сайлау комиссиясы жергілікті мемлекеттік істер жөніндегі агенттіктің біліктілікті арттыру Академиясымен бірлесіп, барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту процесі аяқталуға жақын. Бұл туралы Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов айтты.

 Серғали АЙДАПКЕЛОВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ  /Әрбір сайлау учаскелерінің шекаралары айқындалып, жалпы жұртшылыққа ақпарат құралдары арқылы жеткізілді. Екіншіден, сайлау комиссияларының құрамдарын оқыту мәселелері бойынша бүгінгі күнге облыс бойынша 3666 сайлау комиссиясы құрамының 70 пайызы оқытылып, олар арнайы тест тапсырып, сертификатын алды. Жекелеген кейбір аудандарда ауылдық аумақтық сайлау комиссиялары 17 мүшесін оқыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы айдың 25-не дейін бітеді. 3-ші мәселе  - жергілікті атқарушы органдар сайлауға қатысатын азаматтардың тізімін айқындап, толықтырып, енді ел іші болған соң қозғалыс болады, солардың бәрін айқындап, заң талаптарына сәйкес, 20 мамыр күні жергілікті сайлау учаскесіне оларды тапсыруы керек. Содан кейін сайлау учаскесі 20 мамырдан бастап сайлаушыларды сайлауға шақыру, оларды нақтылау, кей жағдайда кейбір азаматтар сол өздерінің тіркелген учаскесінде дауыс бере алмай қалған жағдайда оны алдына ала айтып, открепительный талонын өзінің сайлау күні болатын жеріне дауыс беруіне мүмкіндік жасалынады/.  

А. Тілеуханқызы, Ө. Ыбыраев, «Жаңалықтар қызметі»

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ФУТБОЛДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ  Х ТУРЫ АЯҚТАЛДЫ
22:08, 13 мамыр 2019
ФУТБОЛДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ Х ТУРЫ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...