ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

САЛАУАТТЫ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

19:32, 10 қазан 2019

 

10 қазан – Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні. Осыған орай Тараз мемлекеттік университетінің экономика және бизнес факультетінің «Тәні саудың -  жаны сау» атты акция өтті.  

Салауатты өмір салтын ұстануға үндейтін бұл шараға  Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы  мен «Зер-Күміс» жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі ұйытқы болып отыр.  

Өңірде тұрғындар саулығын сақтау бағытында түрлі ауқымды жұмыстар атқарылуда. Елбасының жыл сайынғы қазақстандықтарға арнаған Жолдауында да халықтың денсаулығын қорғау мәселесіне айрықша мән беріліп, нақтылай тапсырмалар жүктелген. Көпшіліктің  салауатты өмір салтын ұстануға, ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеуге үндейтін бұл міндеттер әрдайым өзінің өзектілігін жоймақ емес.

Балхаш САРБАЕВА/ «ЗЕР-КҮМІС» ЖШС САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ  ПЕДАГОГ МАМАНЫ Жасалған жұмыс-насихаттау жұмысы. Әркім өз ленсаулығына қарап, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тиімді тамақтанса, біздің болашағымыз жастарымыз жарқын, дендері сау болар еді деп ұйымдастырып отырмыз

Жасыратыны жоқ,  жастардың жаман әдеттерге әуестігі артуда.  Осыған алаңдаған денсаулық сақтау саласының мамандары  ұйымдастырған акцияның мақсаты - жасөспірімдер арасында әрбір адамның психикалық денсаулығын нығайту, дене шынықтыруға белсенділігін арттыру,  дұрыс тамақтануын қадағалау, зиянды әрекеттерден аулақ жүріп, көркем мінез-құлық қалыптастыру.

Құралай Сайлыбаева/ «ЗЕР-КҮМІС» ЖШС САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПСИХОЛОГ МАМАНЫ студенттермен бірлесе отырып керемет қалалық акция ұйымдастырдық. Және көңіліміз де орнына түсіп отыр. себебе, біздің жастарымыз зиянды әрекеттерден соншалықты ақпараттары мол, өздерінің салауатты өмір салтын ұстанатындықтары жайлы жақсы мағлұмат берді. Біз пікірталас, тренинг жүргізу арқылы жас ұрпақтарымызға жақсы түсінік қалыптастырдық деп ойлаймын.

Шара барысында  викториналық сұрақтар, пікір-талас сайысы және студенттерге психикалық денсаулығын сақтау және нығайту мәселелері бойынша ақпараттық-танымдық материалдар таратылды. Аталған тақырыпта бейне роликтер көрсетіліп, қатысушылармен тренинг жүргізілді студент жастармен флеш-моб ұйымдастырылды.  

Абылай АБАЙҰЛЫ/СТУДЕНТ

Дені сау, әрі білімді ұрпақ – ел ертеңі. Оларды барлық жағынан қорғап, қолдау – бізге ортақ міндет. Сондықтан, мұндай ақпараттық-насихаттық іс-шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табады,  дейді ұйымдастырушылар. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар