ШҰҒЫЛ! САЛЫҚТАН ЖАЛТАРҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

САЛЫҚ ТӨЛЕУДІҢ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ ӨЗГЕРТІЛЕДІ

18:20, 10 тамыз 2018

Бүгін, Тараз қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз төртіншы сессиясы болып өтті. Онда 2020 жылға арналған қалалық бюджетке енгізілген өзгерістер мен бірыңғай салық мөлшерлемелерін белгілеу мәселелері көтерілді.

Қала бюджетінің кірістері 47 млрд теңгені құрайды. Ал, мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша 18 млн тг азайтылып, бұл қаржы қажетті деп саналатын бағыттарға аударылған. Мәселен, мектептердегі жылыту маусымына дайындықты қамтамасыз ету, бірқатар білім ордаларын робототехника құрылғыларымен жабдықтау, көпқабатты үйлерді жөндеу жұмыстарына сондай-ақ, көшелерді жарықтандыруға берілген. Одан бөлек сессияда Тараз қаласы аумағында орналасқан айырбастау пунктері мен ойын-сауық мекемелерге салынатын салық мөлшерінің өзгергендігі талқыланды. Атап айтар болсақ, бильрд үстелдеріне 6 айлық, компьютер ойын аппараттарына 2 айлық есептік көрсеткіш негізінде салық салынатын болады. Жиын соңында мәслихат депутаттары мемлекет мұқтаждығы үшін алынатын жер учаскелеріне төленетін өтемдер мәселесін талқылады.

Нұржан ӘБІЛЕШОВ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНА ЖАҢА ПРОКУРОР  ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:20, 13 тамыз 2018
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНА ЖАҢА ПРОКУРОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...