ШҰҒЫЛ! САЛЫҚТАН ЖАЛТАРҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

САЛЫҚТАН ЖАЛТАРҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ

13:30, 9 тамыз 2018

Жеке кәсіпкерлікпен айналысамын десеңіз міндетті түрде кәсіпкерлік тіркеуге тұрғаныңыз жөн. Өйткені заң бәріне бірдей. Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы салықтық бақылау бөлімінің ұйымдастыруымен рейд жұмыстары жалғасуда. Арнайы іс-шара ойын-сауық алаңқайларындағы заңсыз кәсіпкерлікке арналды.Салық кодексінің заңнамаларына сәйкес әрбір азамат өз кәсіпкерлігін бастар алдында салық органдарынан статусын алуға міндетті. Бұл жөнінде бірнеше күн бұрын арнайы түсіндіру жұмыстары жүргізілген де болатын. Нәтиже толық қанды байқалмайды.  Іс – шара барысында әр кәсіпкерде болуы керек жеке құжаттар тізімін ұйымдастырушы атап айтты.

Асылбек ҚЫДЫРБЕКҰЛЫ. Тараз қаласы бойынша кірістер басқармасының бөлім басшысы

Осы күнге дейін кей азаматтар тіркеуге тұрмай – ақ жұмыстарын атқарып жүрген. Ал , тіркеуге тұрмағандар Қ.Р әкімшілік құқық бұзушылығы заңнамасына сәйкес ескерту алып, хаттамалар толтыруға міндетті. Алайда, жергілікті кәсіпкерлердің айтуынша түсіндіру жұмыстары толық қанды жүргізілмеген сыңайлы. Шала – жансар атқарылған іс-әрекеттің кесірі кәсіпкерлер өздеріне таяқ болып тиетінін айтып отыр.

Нағима ДОМБАЕВА. Кәсіпкер

Іс-шара одан әрі телефон арқылы дауға ұласты. Шағын кәсіпкер өзінің бұған дейін арнайы түсіндіру жұмыстарының ешқандай да ескертулерін естімегенін жеткізді.

ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСУ

Заңды білмеу – жауапкершіліктен құтқармайды. Демек, еңбек ету баршағы бірдей және заңды жұмыс атқару шарт. Бұдан былай салықтан жалтарған кәсіпкерлер отыз алты мың теңге көлемінде айыппұл төлейтін болады.  Төленбеген жағдайда сот органдарына жөнелтілмек.

А.ЕРМЕКҰЛЫ, Ө.ЫБЫРАЕВ  «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНА ЖАҢА ПРОКУРОР  ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:20, 13 тамыз 2018
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНА ЖАҢА ПРОКУРОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...