Салықтар мен кеден төлемдерінен 17 млрд. Теңге қазынаға түсті

17:00, 20 сәуір 2017   60

Биылғы жылдың 1 тоқсаны бойынша мемлекеттік бюджетке түсетін салықтар мен кеден төлемдерінің орындалуы 119,6 пайызды құрады. Яғни қазынаға түскен нақты түсім 17 млрд-қа жуықтайды. Бұл болжанған көрсеткіштен 2 млрд, 786 млн теңгеге артық. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сала мамандары мәлімдеді.

Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі  сондай-ақ,  салық төлемдерінің 694, 9 млн теңгеге артық түскенін айтты. Ал кеден төлемдері бойынша түсім 64,8 млн теңгеге кеміген. Барлық аудандар бойынша қазынаға түсімдер межеленген көрсеткіштен артығымен орындалған.  Өткен жылмен салыстырғанда, жергілікті бюджет 1 млрд, 742 млн теңгеге артып отыр. Бұдан өзге, қосымша резервтерді іздеп табу бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ел қазынасына 1 млрд, 7 млн теңгеге жуық қаражат қосымша түскен.

Жанбатис Ибраев, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті талдау және тәуекелдер басқармасы мемлекеттік кірістерді талдау бөлімінің бас маманы

/қосымша резервтердің үлесіне тоқталсақ, камералдық бақылау нәтижесі бойынша 1 млрд, 205,5 млн теңге, яғни бұл 72,7 пайызды құрайды, тексеру актілері бойынша 252,9 млн теңге, ол 15,3 пайыз болып отыр. Кедендік тексеру арқылы 84,2 млн теңге бюджетке түсті....../

 

Аягөз Тілеуханқызы, Руслан Бегалиев, «Жаңалықтар қызметі»

 

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40