ШҰҒЫЛ! ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ИНВЕСТИЦИЯ ИГІЛІКТЕРІ Толығырақ

САПАЛЫ ЖҰМЫС – БАСТЫ МІНДЕТ

15:08, 11 қаңтар 2019

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев Талас ауданында болып өңір тынысымен танысты. Аудандағы атқарылған жұмыстар мен кезегін күткен тірліктерге назар аударып, хал-ахуалын бақылап қайтты.

Облыс әкімінің орынбасары Қасқабұлақ ауылынан бастады. Мұнда  өткен жылы қыркүйек айында ғана   берілген 120 орынға арналған мектептің жай-күйімен танысты. 430 млн теңге бөлінген жаңа білім ордасының құрылыс барысында бірқатар олқылықтар орын алған. Еркебұлан Дауылбаев мектептің құрылысын жүргізген мердігер «Керуен Сервис» серіктестігіне кемшіліктерді қалпына келтіру керек деген нақты тапсырмасын берді.

Ал, бұл  Есейхан ауылы. Ондағы ауыз су құбыры жүйесін құрылысы жүруде. Жобаның  сметалық құны 650 млн 800 мың теңгені құрайды екен. 2018 жылға республикалық қазынадан 200 млн бөлінсе, облыстық бюджеттен 22 млн 222мың теңге бөлініпті.Қазір мұнда мердігер «Монолит Дизайн-2030» серіктестігі жұмыстың 45 пайызын атқарған.Негізінен құрылыс жүріп жатқан жер ауылдан 24 шақырым қашықтықта орналасқан.Геологиялық зерттеу бойынша судың басты көзі осы жер болып белгіленіпті.Су 120 метр тереңдіктен тартылып, ауылдағы 150 үйді ауыз сумен қамтамасыз ететін болады.

Бұдан соң Еркебұлан Дауылбаев Қаратау қаласындағы аудандық аурухананың жұмысымен танысты. Аудандық ауруханада 95 дәрігер жұмыс істейді.Оның 11-і  жас мамандар. Бүгінде ауданда бала өлімі азайып, сәбилердің дүниеге келуі артқан.Келесі кезекте облыс әкімінің орынбасары 250 орынға арналған аудандық емханада болып, 3-мөлтек  ауданында   қайта жөндеуден өткен №49 және №51 көпқабатты үйлерді аралап көрді. Еркебұлан  Дауылбаев  іс сапары соңында аудан әкімдігінің  мәжіліс залында жиын өткізіп, атқарылған жұмыстар барысын саралап, айтылған кемшіліктерді уақыт өткізбей, қалпына келтіру жөнінде жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ  ҚАЙРАТКЕРІНІҢ  РУХЫНА ТАҒЗЫМ
14:16, 14 қаңтар 2019
МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІНІҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ
Толығырақ...