ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

САПАСЫЗ ҚҰРЫЛЫСТЫ КІМ ҚАДАҒАЛАЙДЫ?

19:08, 13 маусым 2019

Жол  құрылысымен айналысатын мердігер компаниялардың өз ісіне салғырт қарайтындығы  үйреншікті жағдайға айналып келеді.  Жыл өтпей жатып, бәз-баяғы қалпына енетін жолдар қалай болса солай атқарылған жұмысты әшкере қылады. Тағы бір сондай жағдайға Тараздық тұрғындар куә болып отыр.  Көшеков көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарына шелектеп жауған жаңбыр да кедергі болмапты.  Су толған шұқырларға асфальт төселгенін көрген олар, бақылаудың болмағанына базына айтты.  

Өздерінің аумақтағы көшенің жөнделетінін естіген  Көшеков көшесінің тұрғындары бастапқыда қуанғандары рас. Алайда, олардың қуаныштарын жаңбырлы күні жасалған жұмыс барысы су сепкендей қылды. Себебі, шылқыған шұқырға асфальт  төселгенін бірінші рет көріп отыр.

 

/ қатты жаңбыр жауып тұрған болатын,  мен шығып, ескерту жасадым, ұялы телефоныма түсірдім. Мен қазір осындай шұңқырларда жаңбырға асфальт төселгендігіңді құзырлы мекемелерге жеткізем дедім. Олар ештеңе айтпайды. Асфальт жұқа қабатта орналасқан, тіпті шұңқырлар суда 20-30 см болатын тұстары  да бар. Бұл асфальт  бір жылға да жетпейді.  көп машина жүріп жатыр, ата-аналар мектепке барады.

Алайда, тұрғындардың ескертуін елеген ешкім де болмапты. Мұнда жұмыстар әлі де жалғасуда. Жұмыстың барысын бақылап жатқан жан баласы тағы жоқ.  Бәлкім, бұл біз білмейтін жаңа технология болар деген оймен, осындағы өкілдерден де сұрап білдік. Алған жауабымыз мынадай.

Бұдан бөлек, мұнда жаяу жүргіншілер жолы да жоқ. Ата-аналар болса, мектептен шығып, ағылған көлік жолын кесіп өтетін  балаларына алаңдайды. Белгілі болғандай, мұндағы құрылыс жұмыстарын жүргізуге Тараз қалалық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық бөлімі тапсырыс беріпті.  Тірлігі тым көп шенділерден жауап алу үшін бірнеше күн күтуге тура келді.

Гүлбахрам ДҮЙСЕКОВА – ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ

Демек, келісім-шартта көрсетілген мерзімде аяқтап, тезірек қомақты қаржыны қалтаға басамыз, деп жанталасқан мердігер компанияның жандалбасасы бұл.  Бірақ бұл келеңсіз тірлік билік басындағылардың назарынан тыс қалмайды деген ойдамыз.

А. Тілеуханқызы, Т. Терлікбай  «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар