ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

«САПСАН» ТОБЫ ТАБИҒАТ ҚАСКӨЙЛЕРІНЕ ҚАРСЫ

16:02, 11 маусым 2019

Жамбыл облысында заңсыз аң-құстарды атып, оңай олжаға кенелгісі келетіндердің іс-әрекеттеріне тосқауыл қою мақсатында «Сапсан» жедел тобы құрылды. Облыс әкімінің бастамасымен жасақталған бұл топ сондай-ақ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау мекемелерінің қызметіне ішкі бақылау жүргізеді. Бүгін «Сапсанның» мүшелеріне қызметтік куәліктер табыс етілді.

Өңір басшысының тікелей қадағалауында болатын топтың құрамында 9 мүшесі қызмет ететін болады.  Олардың кедергісіз жұмыс істеуі үшін екі су жаңа автокөлікпен, арнайы формалар мен өзге де қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мамандардың айтуынша, топты құрудағы мақсат – табиғатқа қасақылық жасаушылардың жолын кесу. Заң талаптарына бағынбай, қызық қуған «сал-серілердің»  аң-құсты аяусыз қыруы табиғат байлықтарының азаюына әкеп соғуда. Ерекше қорғалатын аймақтардың өзінен аң-құстарды кездестіру қиын, дейді олар.

Ерназарбек ЖАНТАЕВ – «САПСАН» ЖЕДЕЛ ТОБЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Дәл қазір аңның төлдеп, құстың балапанын өргізетін шағы. Алайда, аң атып, балық аулап «демалатындар» үшін бұл құбылыс оларды қызықтырмайды. Сондықтан, осындай браконерлерлік әрекеттерді болдырмауда бұл топтың жұмысы еселене түспек. Мәселен, жедел топ құрылған күннің ертесіне-ақ, бір табиғат қасқойі қолға түскен.

Ерназарбек ЖАНТАЕВ – «САПСАН» ЖЕДЕЛ ТОБЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Табиғатқа адамзаттан келер зиянды азайту мақсатында, облыс әкімінің бастамасымен былтыр арнайы декларация қабылданған болатын. Бұл маңызды құжатқа аймақтың шенділері Аң-құсты атпаймыз,  табиғат байлығын сақтаймыз, деп  шетінен қол қойған. Ортақ табиғи құндылықтарды қорғау бағытындағы бұл игі іс бұдан әрі де жалғасады.

Айбар ӘДІЛБАҚОВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Ал былтырғы соңғы үш айдың көлемінде мамандандырылған жануарлар және өсімдіктер дүниесін қорғау мекемесімен заңсыз аң-құс атқан азаматтардан 5 жарым млн теңге көлемінде айыппұл өндірілген.

А. Тілеуханқызы, Т. Терлікбай, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
19:09, 12 тамыз 2019
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...