Сарысу рухани жаңғыру жолында

19:26, 12 қазан 2017

Бүгін Жамбыл облыстық  өңірлік коммуникациялар қызметінде «Сарысу -  жаңғырудың жарқын жолында» тақырыбында брифинг өтті. Онда ауданәкімі Балабек Нарбаев Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

«Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» бағдарламасы мемлекеттік идеологияны айқындайды. Ауданда қазіргі таңда Елбасы мақаласының маңыздылығын түсіндіру мен осы бағыттағы ортақ міндеттерді талқылау барысында жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде. Мәселен: үстіміздегі жылдың тамыз айынан бері жоспарланған 40 іс шарының 19 өтіп үлгерген. Сонымен қатар, барлық мекемелер мен мектептерде, кітапханалар мен клубтарда рухани жаңғыру бағдарламасына арналған бұрыштар мен бөлмелер ашылған. «Туған жерге тыңды тік» акциясы аясында Жаңатас қаласының орталық алаңында осы өңірден шыққан белгілі әншілер мен жыршылардың концерттік бағдарламасы ұйымдастырылып, ақын- жазушылармен кездесу кештері өтті.

Балабек Нарбаев, Сарысу ауданының әкімі

Бұл мәдени шараның барлығы жастардың бойында туған жеріңді сүю, ұлттық дәстүрлерді дәріптеу және ел игілігі үшін қызмет ету сияқты кезімдерін оятатытыны сөзсіз деп ойлаймын

Тақырып бойынша материалдар

Тараздағы 80 отбасыға пәтер берілді
20:10, 15 желтоқсан 2017
Тараздағы 80 отбасыға пәтер берілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар