ШҰҒЫЛ! ӘКІМДЕР ЕСЕБІ Толығырақ

САРЫСУЛЫҚТАРҒА ҚОС БІРДЕЙ ТАРТУ

23:11, 2 мамыр 2019

Сарысуда  «1-мамыр Қазақстан халқы бірлігі күніне» орай, жалпыхалықтық марафон өтті.  Жастар жылы аясында  аудан тұрғындары   Саудакент-Жаңатас бағытында жүгіріп өтіп, көпшілікті  салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

27 шақырым қашықтықты құраған  марафонға бас-аяғы 150 адам қатысып, бақтарын сынады. Мұндағы жарыста жас айырмашылығына шектеу болған  жоқ. Қашықтықты бағындырған желаяқтар  арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Өмірзақ ЕРЖАНОВ САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Сонымен қатар, мерекеде Жаңаталап ауылында «Құрметті азаматтар» аллеясы ашылды. 40 млн. теңгеге салынған  алаңшаға демеушілер атсалысыпты. Ал,  Жайылма елді мекенінде Сақтаған Балықбаев атында атшабар ашылып,  дәл осы жерде тұрғындар алғаш рет ат спорты ойындарын тамашалады.  

Алик БЕКМҰСАЕВ    АЙТЫСКЕР АҚЫН

Мерекеде  ауданда ашылған қос бірдей нысанға тұрғындар дән-риза. Енді, ауыл жастары ұлттық ат спорты ойындарынан түрлі жарыстарға дайындалатын боламыз деп қуанып отыр.

А.Ермекұлы,                          «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Ералы Тоғжанов Қордай ауданында жұмыс сапарымен барды
20:44, 22 қаңтар 2021
Ералы Тоғжанов Қордай ауданында жұмыс сапарымен барды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар