ШҰҒЫЛ! ЖАУАПТЫ МАМАНДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІ ӘШКЕРЕ БОЛДЫ Толығырақ

САТУШЫСЫЗ АДАЛДЫҚ ДҮКЕНІ – ТӘРБИЕ МЕКЕНІ

18:29, 21 мамыр 2019

Жамбыл облысы бойынша қазіргі уақытта 375 «Адалдық дүкені» жұмыс істеп тұр.  Мұнда тұтынушы арнайы жәшікке төлемін өтеп, қажеттісін сатып алады.

Ал, сіз ақшасыз сауда жасалатын дүкенді естіп пе едіңіз? Облыста  осындай жалғыз сатылым сөресі бар. Нәзима Дәрменқызы жалғастырады

Өмірлік қиын жағдайға қалған балаларды қорғау орталығында да «Адалдық дүкені» бар. Әр балаға қажеттінің бәрі жеткілікті. Тек ең бір ұтымды әрі бізді қызықтырған дүние, ол – балалардың өзін-өзі басқару жүйесі аясында  жұмыс істеуі. Онда олардың белсенділігі, оқу үлгерімі, тәртібі, бәрі-бәрі қамтылып, рейтинг бойынша бағаланады екен. Яғни, ақша орнына финиктер жинап, сонымен төлем жасайды.

Данил СОЛОГУБ тәрбиеленуші

Жоба әр азаматтың ары мен адалдығын аңғартады. «Жамбыл адалдық алаңы» кеңсесінің көздегені де осы. Болашақ ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.

Айбек ӘЖІБАЕВ  ҚР МҚІСЖҚІА Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аймақтағы департаменті мекеменің тыныс – тіршілігін назардан тыс қалдырған емес. Кәсіпкерлерді демеушілікке тартып, кем – кетігін бүтіндеуде. Бүгінде кіреберіс қақпасына FaceID орнатып, қауіпсіздікті күшейтпек.

Марсель АБРАМАНОВ КӘСІПКЕР \біздің компания жаңа технология өндіріп жатыр. Ол  FaceID. Адамды бет – әлпетін скриндау арқылы анықтайды. Оны осы мекемеге орнатпақшымыз\

Бұл бір жағынан қауіпсіздікті қамтамасыз етсе, екіншіден көлеңкелі қызметкерлер болмауына да көмегі тиеді екен. Яғни, заңсыздықтарға жол берілмейді.

Н.Дәрменқызы, Асқар Әділ «ЖҚ»

 

Тақырып бойынша материалдар

СПОРТ САЛАСЫНДА КЕЗЕГІН КҮТКЕН МӘСЕЛЕ КӨП
19:05, 20 қыркүйек 2019
СПОРТ САЛАСЫНДА КЕЗЕГІН КҮТКЕН МӘСЕЛЕ КӨП
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАУАПТЫ МАМАНДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІ ӘШКЕРЕ БОЛДЫ
18:43, 18 қыркүйек 2019
ЖАУАПТЫ МАМАНДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІ ӘШКЕРЕ БОЛДЫ
Толығырақ...
 «JAMBYL» АРНАСЫ – ЖАҢА МАУСЫМ – ТҰСАУКЕСЕР
20:00, 18 қыркүйек 2019
«JAMBYL» АРНАСЫ – ЖАҢА МАУСЫМ – ТҰСАУКЕСЕР
Толығырақ...