ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

САУАТТЫ ЖАРНАМА – ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫНЫҢ КӨРІНІСІ

18:55, 17 маусым 2019

Көшеде жүрсең көз сүрінетін сауатсыз жарнамалар әлі де бар. Мекемелер мен кәсіпкерлердің  назарына қанша айтылса да тіл тазалығы төңірегіндегі мәселе түбегейлі шешімін таппай отыр. Осыған байланысты Тілдерді дамыту басқармасы, Тараз қалалық тілдерді дамыту бөлімі мен Атамекен ұлттық кәсіпкерлік палатасы бірлесе семинар өткізді. Онда тіл заңдылықтары мен талаптары жеке кәсіпкерлерге түсіндірілді.

Биылғы жылы Тараз қалалық тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Қала келбеті» зерделеу жұмыстары барысында 124 қонақ үй, 51мейрамхана мен 27 ірі сауда орындарына әдістемелік көмек жүргізіліп, парақшалар таратылған.

Бақыт ТОҚСАНБАЕВА – ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ мәдениет және ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Мұнан өзге, облыстық кәсіпкерлер палатасына бірлесе жұмыс атқару үшін қолданыстағы заңнама талаптары жіберілген.  Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстар 82 пайызға орындалған. Ал, жеке кәсіпкерлер аталған талаптарды үнемі назарда ұстайтын боламыз дейді.

Айгүл ТІЛЕУЛИНА - «ЖАМБЫЛ» ҚОНАҚ ҮЙІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ / Бүгінгі семинар барысында өзімізге қажетті ақпараттарды алдық. Біздің мекеме тіл тазалығын үнемі назарда ұстаймыз. Алдағы уақытта да ҚР тіл туралы заңының талаптарын орындап, бұл бағытта жұмыстар жүргізетін боламыз./

Биыл аймақ басшысының  қатысуымен өткен кеңесте хаттамалық тапсырма берілген. Оған сәйкес  Тараз қаласындағы мейрамхана, қонақ үй, сауда үйлері мен сән салондарының көрнекі ақпараттарындағы мемлекеттік тілдің заңдылықтарын толығымен сақталуы қажет,  дейді мамандар.

Н.Сембеков, Ғ.Есенбаев «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар