ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

СЕКСЕУІЛДІ ОТАУҒА – ТОСҚАУЫЛ

15:48, 9 шілде 2019

Жамбылдық полицейлер ірі көлемде сексеуіл ұрлығымен айналысқан адамды құрықтады. Қазір аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеп, тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Жол полициясы қызметкерлерімен Шу-Қордай тас жолының 58 шақырымында Камаз автокөлігі тоқтатылып, 45- жастағы оның жүргізушісі Мойынқұм ауданынан 4- текше метр сексеуіл ағашын ешқандай құжатсыз алып бара жатқандығы анықталды. Қазіргі таңда осыған байланысты ҚР қылмыстық кодексінің 339 бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Жоғалып кету қаупі бар табиғат байлығын заңсыз кесуге елімізде қатаң тыйым салынады. Оған қатысты ірі көлемдегі айыппұл мен бас бостандығын шектеу шарасы қолданылуы мүмкін. Бірақ, осыған қарамастан сексеуілді отаушылардың саны азаяр емес. Бүгінде аталған іс бойынша сот ботаникалық сараптама тағайындалған.

Айбол ҚАРАШ «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар