Сенатор Абдалы Нұралиев Жамбыл ауданының тұрғындарымен кездесті

19:43, 23 тамыз 2017

Бүгін Жамбыл ауданына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Абдалы Нұралиев келді. Халық қалаулысы мұнда бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, халықтың тұрмыс тірішілігімен танысты. Бұл жайында алдағы бейнематериалда.

Жамбыл облысынан ҚР Парламентіне сайланған депутаттар өңірге келіп, бірқатар аудандарды аралап, халықтың жағдайымен танысып жатыр. Осыған орай облысымыздың Жамбыл ауданына сенатор Абдалы Нұралиевкелді. Халық қалаулысы  мұнда бірқатар нысандарды аралап, қордаланған мәселелермен танысты.

Депутат алдымен Жалпақтөбе ауылындағы балабақшаны аралады. Мұнда бүлдіршіндердің жағдайымен танысып, бөбекжайдың жылыту маусымына дайындығын тексерді. Бұдан соң, Абдалы Нұралиев осы ауылдағы емханаға барды. Ғимарат 2015 жылы соғылып, ел игілігіне берілген. Күніне 100 науқасты қабылдайды. Мұнда   емделушілерге қажетті жағдай жасалған. Жұмысшы топтың барған келесі нысаны Айша бибі ауылындағы «Орақбай» шаруа қожалығы. Мұнда жобалық құны 150 млн теңгені құрайтын жылыжай бар. Жылыжайда негізінен қияр өсіріледі.

Досымжан Оразқұлов, «Орақбай» шаруа қожалығының жетекшісі

Мынау өз шаруашылығым. Өз қаражатыма салдым. Жаңа теплица.Көлемі 1,2 га. 20 адам жұмыс істейді.Күніне 1 тонна өнім шығарамыз. Базарға өткіземіз, орта баға 100 теңгеден.Жақсы, жұмыс істеп жатырық

Абдалы Тоқбергенұлы жаңадан салынып жатқан «ФАРМ-МЕНЕДЖМЕНТ» ЖШС-гі ірі қара малдар бордақылау алаңна да барды. Қазір мұнда құрылыс жұмыстарының 80 пайызы аяқталған. Нысан пайдалануға берілсе,  1 мезгілде 1000 бас малды бордақылауға мүмкіндігі бар. Ал аудандағы «АСА DAMU» ЖШС-гі құс өсірумен айналысады. Ашылғанына  1 ай толмаған  фабрикада қызу  жұмыс жүруде. Күніне  75 мың жұмыртқа өндіретін өндіріс орнында 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Абдалы Нұралиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты

Жамбыл ауданында әлеуметтік саладағы поликлиника,мектептердің жұмысымен, балабақшалардың жұмысымен танысып жатырмыз.Атқарылған жұмыстар оң.Ең маңыздысы жаңа оқу жылына жылыту маусымына дайындықтары өз деңгейінде

Бірқатар нысандарды аралап,ілкімді істерді  көрген депутат ауданға оң бағасын берді.  Түйіткілді мәселелерді ойына түйіп, оның шешілу жолдарын алда қарастыратындығын айтты.

Гүлзат Сейдуллақызы , Сапар Серікұлы, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

«Жер 2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Жамбылда өтеді
20:50, 22 қыркүйек 2017
«Жер 2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Жам...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы жұртшылық өкілдерімен кездесті
20:56, 18 қыркүйек 2017
Мемлекет басшысы жұртшылық өкілдерімен кездесті
Толығырақ...
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары
20:47, 18 қыркүйек 2017
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары
Толығырақ...
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
15:57, 19 қыркүйек 2017
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
Толығырақ...