ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

«СЕРВИСТІК ӘКІМДІК» АШЫЛДЫ

15:18, 6 маусым 2019

Байзақ ауданы Түймекент ауылында «Сервистік әкімдік» ашылды. Жоба мемлекеттік қызметтің сапасын көтеруді, халықтың цифрлық сауаттылығын арттырып, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатын көздейді. Ашылған орталық «Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы аясында жүзеге асырылып отыр.

Бұдан былай тұрғындар қаланың әр бұрышында орналасқан бөлімдерді іздеп сабылмайды. Барлық жұмысты бір ғимараттан бітіріп шығады. Жалпы «Сервистік әкімдік» жобасы мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерді бір жерде шоғырландыру және азаматтарға қолайлы жағдай жасаумен де ерекше.

Равиль ТӨЛЕБАЕВ - ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

/Біз мемлекеттік органдардың жұмысының «Open space»форматына көшуі.Яғни, халыққа жақын болуы.Оның жұмыс жасау принципінің ашық болуы осы «Open space» форматының бір көрініс болып табылады./

Сондай-ақ, Равиль Қуанышбайұлы аудандағы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерін аралап, қайта жабдықтаудан өткізілген ашық кеңселердің жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, Түймекент ауылдық округі әкімінің аппаратында және №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде болып,ондағы  мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылады.

«Сервистік әкімдіктің» қызметкерлері қабырғасы әйнекпен бөлінген кабинеттерде отырады. Жергілікті тұрғындар олардың жұмыс барысындағы әрбір әрекетін анық көре алады. Осы арқылы ашықтық пен жариялылықты, жұмыс сапасының артуы мен тұтынушылардың кедергісіз қызмет алу мүмкіндіктерін қалыптастырып отыр.

К.Шәмші ЖҚ

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар