ШҰҒЫЛ! АРЫС. БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

«СЕРВИСТІК ӘКІМДІК» ХАЛЫҚТЫҚ ЖОБА

16:00, 11 маусым 2019

Жамбыл адалдық алаңы  «Сервистік әкімдік» және «OPEN SPACE» қызметін жүзеге асыру үшін өңірде 6 ашық форматтағы офистер ашқан болатын. Енді міне, Меркі ауданы әкімдігінде де «Сервистік әкімдік» жобасының лентасы қиылды.  

Бұл бастамының қолға алынғанына аса көп уақыт бола қойған жоқ. Дегенмен, жоба мемлекеттік қызмет саласындағы тиімді бастама ретінде бағаланып отыр.

Равиль ТӨЛЕБАЕВ  - ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Жалпы «Сервистік әкімдік» жобасы мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерді бір жерде шоғырландыру мен азаматтарға қолайлы жағдай жасауға арналғандығымен құнды. Яғни, бұл жерде атқарушы билік өкілдерінің жергілікті тұрғындармен бетпе-бет отырып жұмыс жасауына еш кедергі жоқ. Оның үстіне шаруасы қауырт адам ауданның түкпір-түкпірінде орналасқан бөлімдерді іздеп сабылмай, қажетті қызметі бір ғимаратың ішіне тауып, ісін қиналмай-ақ бітіруіне қол жеткізді.

«Сервистік әкімдіктің» тағы бір ерекшелігі, бұл жерде әдеттегідей кілем төселген дәліз бойына қаздай тізілген емен есікті кабинеттер жоқ. Барлық атқарушы органның қызметкерлері Open space әдісімен, ашық кабиналарда отырып жұмыс істеуде. Бұл – «Сервистік әкімдік» жобасының тиімділігіне нақты дәлел.

Назима Дәрменқызы, Ләззат Серікбай «ЖҚ» Меркі ауданынан

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«ЭРУДИТТЕР АЛАҢЫ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ
20:59, 21 маусым 2019
«ЭРУДИТТЕР АЛАҢЫ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ
Толығырақ...
АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ
20:56, 21 маусым 2019
АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ
Толығырақ...