ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

«СЕРВИСТІК ӘКІМДІК» ХАЛЫҚТЫҚ ЖОБА

15:03, 10 шілде 2019

Жамбыл адалдық алаңы  «Сервистік әкімдік» және «OPEN SPACE» қызметін жүзеге асыру үшін өңірде ашық форматтағы офистер ашқан болатын. Кезекті сервистік әкімдік  Тараз қаласының жер қатынастары бөлімінде ашылды. 60 мыңнан астам адам жер кезегінде тұрған қалада, мәселесі көп салада – ашық кеңсенің халыққа пайдасы болар деген үміт бар.

ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының аймақтағы департаменті бірлесіп «Сервистік әкімдік» жобасының лентасын қиды.  Қалалық әкімдікке жер мәселесі бойынша шағымданған азаматтар, мұнда мемлекеттік қызметтің 14 түрін ала алады.

Равиль ТӨЛЕБАЕВ  - ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ  АГЕНТТІГІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Жалпы «Сервистік әкімдік» жобасы мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерді бір жерде шоғырландыру мен азаматтарға қолайлы жағдай жасауға арналғандығымен құнды. Яғни, бұл жерде атқарушы билік өкілдерінің жергілікті тұрғындармен бетпе-бет отырып жұмыс жасауына еш кедергі жоқ. Оның үстіне шаруасы қауырт адам қаланың түкпір-түкпірінде орналасқан бөлімдерді іздеп сабылмай, қажетті қызметті бір ғимаратың ішіне тауып, ісін қиналмай-ақ бітіруіне қол жеткізді.

ҚАЙРАТ ДОСАЕВ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

«Сервистік әкімдіктің» тағы бір ерекшелігі, бұл жерде әдеттегідей кілем төселген дәліз бойына қаздай тізілген емен есікті кабинеттер жоқ. Барлық атқарушы органның қызметкерлері Open space әдісімен, ашық кабиналарда отырып жұмыс істеуде. Бұл – «Сервистік әкімдік» жобасының тиімділігіне сеп болар деген үміт бар.

Назима Дәрменқызы, ӨМІРТАЙ ЫБЫРАЙ «ЖҚ»

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар