ШҰҒЫЛ! ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

СӘТ САПАР, ЖАС ТҮЛЕК!

17:32, 13 маусым 2019

Сондай-ақ, Жамбыл және Байзақ  ауданының білім ордаларын тәмамдаған мектеп бітірушілері алтын ұяларынан қанат қақты. Осыған орай, мектеп қабырғасымен қоштасқан түлектерге аттестат тапсрылып, «Алтын белгі» иегерлері марапатталды.

Жамбыл ауданында биыл 600 оқушы мектеп бітіріп отыр. Олардың 16- сы Алтын белгі, тоғызы үздік аттестат иегері. Мақсаты айқын, арманы асқақ түлектер  алдағы сыннан сүрінбей өтуді тілейді.

Құралай МҰХАМЕТҚАЛИ  - АЛТЫН  БЕЛГІ  ИЕГЕРІ

Дәл осындай іс-шара Байзақ ауданында да өтті. Ауданда 806 оқушы мектеп бітірді. Олардың 20-сы «Алтын белгі» иегері болса, 24-і үздік аттестатқа иегері атанды. Жалпы аудан бойынша ұлттық бірыңғай тестілеуге 800  оқушының 565-сі өтінім білдіріпті. Ал ендігі тестілеуде түлектерге артылар сенім зор болмақ.

Ерасыл СЕРІК - АЛТЫН БЕЛГІ ИЕГЕРІ

Шара соңында  үлкен өмірге қадам басқан түлектерді аудан басшылары құттықтап, сый-сияпат табыс етті.

Іңкәр Сүлеймен,  Еламан Мәңкеұлы «Жаңалықтар қызметі»

 

Тақырып бойынша материалдар

ТОРЖЕСТВЕННАЯ ЦЕРЕМОНИЯ НАГРАЖДЕНИЯ
21:12, 13 желтоқсан 2019
ТОРЖЕСТВЕННАЯ ЦЕРЕМОНИЯ НАГРАЖДЕНИЯ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
19:05, 12 желтоқсан 2019
ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...