ШҰҒЫЛ! АРЫС. БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПТІ ҚОЛДАУҒА 600 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

21:00, 12 маусым 2019

Бизнеспен айналысып жүрген немесе айналысам деп ниет еткен азаматтар  үкіметтен қолдау  алуға мүмкіндігі бар. Кәсіпкерлікті дамыту үшін  Үкіметтен қаржы бөлініп, түрлі бағдарламалар жүзеге асуда.. Бұл қыруар қаражатты алу жолдары мен шарттары жайында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері баспасөз алаңында айтты.

Импортқа тәуелділіктен арылу үшін Үкімет халық көптеп тұтынатын  тауар түрлерін шығаратын отандық өндірісті қолдауды көздеп отыр. Субсидия кәсіпкерлерге 7 жылға беріледі. Жылдық сыйақы – 8 пайыз. Бөлінген 600 млрд кемінде 100 млрд теңгесі орта және шағын бизнеске бағытталады.  Тағы 100 млрд теңгесі ауылшаруашылығы тауарлары өндірісіне беріледі. Кәсібін ашып көркейтемін деген кез-келген азаматқа қолдау бар. Негізінен жеңіл өнеркәсіпке, құрылысқа және  нақты жұмыс істеп тұрған бизнеске бағытталады. Яғни, ең бірінші кезекте соларға беріледі. Сондай-ақ,  «Бастау» жобасы аясында кәсіпкерлер де қаржыландырылады.

Айдар ӘБДІҚАДІРОВ – «АТАМЕКЕН» ҰКП ЖОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ  

/ Біздің басты мақсат – ол кәсіпкерлерді сүйемелдеу, ең керекті қаражат, жер мәселесі және оқыту. Осы үш мәселені кәсіпкерлерге жеткізуді жоспарлап отырмыз алдағы уақытта да кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бағдарламалар жүзеге асырыла беретін болады/

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«ЭРУДИТТЕР АЛАҢЫ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ
20:59, 21 маусым 2019
«ЭРУДИТТЕР АЛАҢЫ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ
Толығырақ...
АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ
20:56, 21 маусым 2019
АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ
Толығырақ...