ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ШАЛҒАЙ АУЫЛДЫҢ ШЫРАЙЫ КІРІП КЕЛЕДІ

17:15, 13 маусым 2019

Елді-мекендерлді дамыту бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар мен жұмыстар жетерлік. Соның арқасында шалғай ауылдардың да шырайы кіріп келеді. Талас ауданына қарасты «Қызәуіт» ауылдық округіне биыл таза су барса,  мал санына ғана емес, сапасына баса мән бріп отырған жергілкті шаруалар етті шетке шығаруға мықтап ден қоймақшы. Толығырақ Тлас ауданында болып қайтқан тілшіміздің репортажы. 

Қызыләуіт  және Ақтөбе ауылдарынан тұратын елді -мекенде 2 мың 300 дей халық мекендейді. Ауылдық округте 80 шаруа қожалығы тіркелсе, оның басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысады. Олардың ішінде, үкіметтің көмегі арқылы қомақты табыстарға қол жеткізіп жатқандары да баршылық. Мәселен «Ақтөбе» шаруа қожалығы былтыр үкіметтік «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 11 милион теңгеге Ресейден 27 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара алса, «Кәусар» және «Ынтымақ» шаруашылықтары 80 милион теңгеге Германиядан «Семитал» тұқымды ет және сүт бағытындағы 112 бас сиыр әкеліпті. Енді аталмыш шаруашылықтар Кеңес үкімітенен  қараусыз қалған фермаларды қайта қалпына келтіріп, сиыр малын көсегесін көгертуге ден қоймақшы. 

БАЖАН БЕКЕТАЕВ    / «Қызыләуіт» ауылдық округінің әкімі/

Ауылда заман талабына сай бой көтерген әлеуметтік нысандар да жетерлік. «Қазпочта» филиалы мен медициналық мекеме де қазіргі таңда халыққа қалтықсыз қызмет көрсетуде. Әсіресе жергілікті тұрғындардың бірінші байлығына ерекше мән беретін амбулатория соңғы үлгідегі құралдарымен жабдықталыпты.Ал, үкіметтік «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша ауыз су құбыры барлық көшелерге тартылғып, үйге де кіргізіліпті.

БАУЫРЖАН ПАЛУАНОВ      /Ауыл тұрғыны/

Жаплпы Талас ауданы бойынша соңғы екі жылдың өзінде 8 елді-мекен таза сумен қамтамасыз ептілген. Бұл  жұмыстар әлі де жалғасын табуда.

БАҚЫТЖАН СОВЕТҰЛЫ,      «ЖАҢАЛЫҚТАР ҚЫЗМЕТІ»

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар