ШҰҒЫЛ! ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ Толығырақ

ШАРУАНЫ ЖҮЙЕЛЕУ КЕРЕК

15:04, 11 қаңтар 2019

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Мұратхан Шүкеев Меркі ауданына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі мал базарларын аралап, ветеринариялық жағдаймен танысты. Меркі ормандары  мен жануарлар дүниесін қорғау мекемесі техникаларының ахуалын көріп, өртке және заңсыз аң шаруашылығына қарсы қаншалықты жасақталғанын бақылап қайтты.

Өткен жылы мекеменің жұмысы біршама жақсарып, техникамен жасақталған болатын. Осы техникаларды көріп шыққан облыс әкімінің орынбасарына сала мамандары картадан өрт қауіпсіздігін сақтау пунктілері мен оның аумағын көрсетті. Мұнда өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтіп, заңсыз аң аулаушыларға қатаң жаза қолдану керек-ақ. Өйткені, былтыр заңсыз аң аулағаны үшін 7, ал қоқыс тастағаны үшін 2 хаттама толытырылып, тиісті органға жолданған. Ауданда жалпы орман қоры 438 270 га құрайды, аудан әкімі Мейірхан Өмірбеков ауданаралық шекараларды трактормен 4 метр емес, 8 метр етіп жырту жөнінде ұсыныс айтты. Себебі, көршілес аудандардан шыққан өрт салдары Меркі жерін де шарпып кетеді екен.  

Қазіргі уақытта көгеріштендіру жұмыстары аясында 4 га жерге қара ағаш, терек, шырша отырғызылды. 2018 жылы сексеуіл ағашының тұқымы таулы аймаққа егіліп, тәжірибе жасалыпты.  Шығымдылығы жаман емес тәрізді, 60 пайызды құраған.

Ерлан Құлкеев, Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары

Келесі кезекте Мұратхан Шүкеев «Агроэксперт АЭС» серіктестігі Меркі аудандық филилалының тұқым зертханасына барды. Онда жоңышқа тұқымы зертханалық талдаудан өткізілуде. Ал арпа, бидай тұқымдарын шаруашылықтар ақпан айында тексеруден өткізіп,  шығымдылығы мен өнімділігін тексертіп алатын көрінеді. «Сыпатай батыр» шаруа қожалығы осы зертханадан өткен элиталы, супер элиталы тұқымды арпа, бидай тұқымдарын өсіріп, көбейтіп, шаруашылықтарға саудалауда. Облыс әкімінің орынбасары егіс алқаптарын ерте көктемнен дайындап, тұқым алуға ертерек қам қылуды тапсырды.

Қымбат Қаржауқызы, Ләззат Серікбай, Еркін Жасыбай, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар