Шекара қырағы қорғалмақ

17:52, 17 тамыз 2017

 Естерінізде болса  12 тамыз күні Жамбыл ауданына қарасты Жасөркен ауылындағы  Қазақ- Қырғыз шекарасында заң бұзушылық  орын алған. Салдарынан  осы ауылдың 30 жастағы тұрғыны мерт болып, 2 шекара күзетуші сарбаз басынан жараланған болатын.Осы оқиғаға байланысты жергілікті билік өкілдері мен шекарашылар және тәртіп сақшылары бірлесіп ауыл тұрғындарымен жиын өткізді.

Жасөркен ауылы  көрші айыр қалпақты ағайындармен  шекаралас орналасқандықтан мұндағы тірішіліктің  барлығы  бір-бірімен біте қайнасқан. Мұнда шекара ұзынды 24 шақырым болса, оның 3 шақырымдай жері  қоршалмай ашық жатыр. Жиында жауапты мамандар ауыл тұрғындарын  тәртіпке шақырды. Себебі, шекарашылардың айтуынша заң бұзушылыққа көбіне жергілікті тұрғындардың өзі бой алдыратын көрінеді. 

Абусахит Тулегенов, ҚР ҰҚК ШК «Оңтүстік» өңірлік басқарма басшысының  орынбасары

Тәртіпке келтіру үшін біраз жұмыс атқарылып жатыр жергілікті билік органдарымен. Бірақ, дегенмен нәтижесі бізді қанағаттандырмай отыр. Былтыр 16 жылды алған кезде бізде 73 әкімшілік іс қозғалған.Шекаралық заңнамалардың талаптарын бұзғаны үшін жергілікті азаматтарға. Контробанда ұсталды.18 БАС ЖЫЛҚЫ, 15 бас ірі қара мал.

Осыдан 5 жыл бұрын яғни 2012 жылы Жасөркенде дәл осындай оқиға болған. Онда да 25 жастағы зінгіттей жас жігіт ажал құшқан. Сондықтан да ауыл тұрғындары  бұндай оқиғаларды болмауын тілеп, шекарашыларға өз уәждерін айтып, ұсыныстарын жолдады.

Елдос Шырынханұлы, ауыл тұрғыны

Адамдарды ләж болса границаға жақындатпасын. Әр метрге қоя алмасандар да,сағатына 1 рет жүріп отырса да әркім өзініңмаршрутында жүреді ғой. Тиянақты атқарса мұндай болмайды.

Қазір Жасөркен ауылындағы шу шыққан  шекарада күзет күшейтілген. Ал осында болған даудың ақ-қарасы тергеу жұмыстары аяқталған соң, мәлім болады.  Жиын соңында аудан басшысы  ауыл тұрғындарын тәртіпке бағынуды шақырды. Бос жүрген азаматтарға ауылшаруашылығындағы  үкімет ұсынған бағдарламаларды тиімді пайдаланып, адал еңбектенуге кеңес берді.

Гүлзат Сейдуллақызы, Сапар Серікұлы, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

«Жер 2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Жамбылда өтеді
20:50, 22 қыркүйек 2017
«Жер 2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Жам...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы жұртшылық өкілдерімен кездесті
20:56, 18 қыркүйек 2017
Мемлекет басшысы жұртшылық өкілдерімен кездесті
Толығырақ...
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары
20:47, 18 қыркүйек 2017
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары
Толығырақ...
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
15:57, 19 қыркүйек 2017
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
Толығырақ...