ШҰҒЫЛ! ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ШОЙЫН ҚАҚПАҚТАР ҰРЛЫҒЫ ТЫЙЫЛАР ЕМЕС

14:53, 15 сәуір 2019

Бүгінде баукеспелер үшін ақша табудың ең оңай жолы – метал ұрлығы болып отыр. Жеңіл пайданы көздегендер канализация бетіндегі қақпақтарды ұрлап, метал қабылдайтын орындарға өткізуде. Ал, ашық қалған құбыр беті адам өміріне аса қауіпті екенін ойламайды да. Әсіресе бұл алаңсыз ойынап жүрген балалардың өміріне қауіпті, - дейді мамандар Өкініштісі сол люктерді ұрлау барлық жерде кездеседі.  мәселен,   Талас ауданы Бостандық ауылында белгісіз тұлғалар 5 дана шойын қақпақты қолды қылған. Осылайша, мемлекетке 37500 теңге көлемінде материалдық залал келтіргендігі туралы  мәлім болған. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында  Байзақ ауданының екі тұрғынын полиция қызметкерлері күдікті ретінде қолға түсірді. Айғақ ретінде Сарыкемер ауылындағы металл сынықтарын қабылдау бекетінде қапшыққа салынған қақпақ сынықтары табылған. Қазіргі уақытта күдіктілер қолхат арқылы бостандықта. Аталған факт бойынша алдын ала тергеу  амалдары басталды.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ДОСТЫҚ» АЛАҢЫНА ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ
18:57, 18 сәуір 2019
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ДОСТЫҚ» АЛАҢЫНА ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...