ШҰҒЫЛ! КӨКӨЗЕК АУЫЛЫНДА 5 КЕЛУШІГЕ АРНАЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ АШЫЛДЫ Толығырақ

ШЫМКЕНТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

20:30, 10 тамыз 2018

Жамбыл облысында жұмыс істеп жатқан инвесторлардың саны жыл санап артып келеді. Дегенмен, қазіргі уақытта осы бағыттағы жұмыстарды одан ары дамыту үшін кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Осы мақсатта  Шымкенттік ірі кәсіпкерлерге Әулиеата  өңірінің экономикалық мүмкіндіктері мен инвестициялық жобалары таныстырылды.

Инвестиция, инвестор ұғымы бүгінде Қазақстанның экономикалық  нарығындағы басты бағамдардың бірі. Осы мақсатта ұйымдастырылған іс-шараның форматы да ерекше.  Басты мақсат Түркістандық инвесторларға Жамбыл облысының мүмкіндіктерін көрсетіп, түрлі жобаларға тарту.

Дамир Егізбаев / Жамбыл облысының инвесторларға және кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының басшысы / Біз таныстырып жатқан жобалардың саны 18. Жалпы құны 170 млрд теңгенң құрайды. Жобалардың басым бөлігі агроөнеркәсіп саласында, құоылыста және туризм саласында. Осы жобалар шын мәнісінде болашағы жарқын деп айтуға болады.

Роуд-шоу форматында өткен бизнес форумында аймақтағы кәсіпкерлерге инвестициялық жағдайды қалыптастырып, экономиканы өркендетудің жолдары айтылды. Мәселен,  20-ға жуық жобалардың басым бөлігі ауылшаруашылық саласына қатысты.

Жандос Жақыпов / Жамбыл облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары

Бұдан бөлек, «Тараз химия паркі» мен бірқатар ірі кәсіпорындардың жобалары таныстырылып, олардың мүмкіндіктері кеңінен сөз болды. Түркістандық кәсіпкерлер де бірнеше ірі жобаларға қызығушылық танытып, алдағы уақытта жұмыс істеуге ниетті екендіктерін жеткізді.

Айдос Назаров / Жеке кәсіпкер

Иә, Жамбыл облысы жыл санап ірі инвестициялық аймаққа айналып келеді. Егер көрші өңірлердің инвесторлары Әулеиата жерінде жұмыс істеуге ниет танытып жатса, сәйкесінше өңір экономикасының да өрге басатыны анық.

Данияр Асқарұлы, Өміртай Ыбырай   

Тақырып бойынша материалдар

ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНІП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ!
21:26, 14 желтоқсан 2018
ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНІП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ!
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
21:24, 14 желтоқсан 2018
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ 7 ҚЫРЫ – ҰЛТТЫ ҰЙЫСТЫРАТЫН ҰЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
21:07, 14 желтоқсан 2018
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ 7 ҚЫРЫ – ҰЛТТЫ ҰЙЫСТЫРАТЫН ҰЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар