ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ШЫҰ: КӨПЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

22:26, 13 маусым 2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкекке келді. Айырқалпақты ағайындардың жеріне аяқ басқан Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен Қырғызстан, Ауғанстан президенттері және Қытай халық республикасының төрағасымен екіжақты кездесулер өткізді. Ал ертең президент Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген құрамда өтетін отырыстарына қатысады. Бішкекте жүрген тілшіміз Альбина Әшім мемлекет басшысының сапары жайлы толығырақ баяндап берсін.

Бішкектегі басқосу бұрынғылардан өзгерек. Өйткені екі жыл бұрын «Шанхай алтылығына» қосылған қос ел Үндістан мен Пәкістан тұңғыш рет сессияларға қатысады. Осылайша, Үндістан «Қытаймен, Пәкістанмен кикілжіңдерін шешуге талпынады» деген үміт бар.

МАРС САРИЕВ, САЯСАТТАНУШЫ /ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ/

Аударма!!! 00/25/50 Бұл жолы ШЫҰ-ның саммиті тарихи болады деп ойлаймын. Ұйымға мүше елдер осы аймақтың мәселелерін, мемлекеттер арасындағы кикілжіңдерді мұхиттың ар жағындағы алпауыттардың араласуынсыз-ақ өздері шеше алатындай ортақ бір тұғырнама жасап шығаруы мүмкін. Қытай сарапшылары да осындай болжамдарын жеткізіп жатыр.

Тілші: Он тоғызыншы отырыстың күн тәртібі дәстүрлі түрде  аймақтық және халықаралық өзекті мәселелерді талқылауға арналады. Ал кей сарапшылардың пікірінше, Еуразиялық экономикалық одақ пен ШЫҰ бірігетін күн де алыс емес.

ИГОРЬ ШЕСТАКОВ, «ПИКИР» АЙМАҚТЫҚ САРАПШЫЛАР КЛУБЫНЫҢ ТЕҢ ТӨРАҒАСЫ /ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ/

Аударма!!! Бізді ортақ шекара, көлік инфрақұрылымы мен ортақ мақсаттар біріктіреді. Ұлттық өнімдерін өткізуді көздеген экономикалық байланысымыз да бар. Ал ШЫҰ аясында Қытай- Қырғызстан-Өзбекстан талқылап жүрген теміржол құрылысы Еуразиялық экономикалық Одаққа мүше елдердің де қызығушылығын тудыруы мүмкін.

Бұл жолғы саммиттің тағы бір ерекшелігі: Қазақстан тарапынан алғаш рет басқа президент қатысады.

Ұйымға мүше елдер ертеңгі отырыста жаңа қазақ басшысынан тың идеялар күтетіні анық. Ал әзірге президент қызметіне кеше ғана ресми кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауларды қабылдап жатыр.

Сооронбай Жээнбеков екі ел арасындағы байланыс нығая түсетініне сенім білдірді. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев президент лауазымына ресми кіріскен соң, алғашқы сапардың қырғыз жерінде басталғанын жақсы ырымға балады.

СООРОНБАЙ ЖЭЭНБЕКОВ, ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Қасым-Жомарт Кемелұлы, Қырғызстанға қош келдіңіз....Сізбен Бішкекте жолыққанымызға қуаныштымын. Қазақстанның президенті сайлауындағы жеңісіңізбен құттықтаймыз. Бұл жеңістің артында сіздің қазақ еліне сіңірген көп жылдық еңбегіңіз жатыр.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Құттықтауыңызға көп рахмет. Шын мәнінде сайлаудан кейін Бішкекке келіп отырғаныма өте қуаныштымын. 29 мамырда біз Нұр-Сұлтан қаласында үлкен жиын өткіздік, көптеген мәселелер тіралы пікір алмастық, жақсы әңгіме болды.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньминмен де кездесті. Қазақ-қытай қарым-қатынасындағы басты бағыттардың бірі: тауар тасымалы. Алыс-берісті арттыруды көздеген қос ел келіссөздерге дайын екенін көрсетті. Саммитке ұйымға мүше елдерден бөлек он бір мемлекеттің басшылары келеді. Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолия президенттері шарада бақылаушылар ретінде қатысады. Ауғанстандағы ахуал әркез өзекті. Сондықтан Ислам республикасының президентімен кездесуде аймақтағы қауіпсіздік мәселелері сөз болды.

АЛЬБИНА ӘШІМ, ТІЛШІ

Ал ертең ШЫҰ-на мүше  мемлекеттер басшылары кеңесінің 19 отырысында өткен жылғы Циндао саммитінде қабылданған шешімдердің жүзеге асырылуы талқыланып, алдағы уақытқа жоспарлар айқындалады. Президенттер 14 маңызды құжатқа қол қояды. Оның ішінде Бішкек декларациясы да бар. Сондай-ақ саммит аясында ұйымға мүше елдердің БАҚ, спорт, денсаулық сақтау салаларында әріптестік орнатуға және ШЫҰ-ның халықаралық байланысын  нығайтуға бағытталған тағы 7 құжатқа қол қойылуы тиіс. «Бұл ұйымның көкжиегі одан әрі кеңейе түседі» деген сөз.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҒЫЛЫМИ - ТӘЖІРБИЕЛІК АЛАҢНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ
19:00, 11 қараша 2019
ҒЫЛЫМИ - ТӘЖІРБИЕЛІК АЛАҢНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ
Толығырақ...