ШҰҒЫЛ! САЛЫҚТАН ЖАЛТАРҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

«Сигма» - «Қайрат» 2: 0

18:20, 10 тамыз 2018

Алматылық «Қайрат» футбол клубы Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын сырт алаңда өткізген еді.   Чехияның «Сигма» командасына қанаққа барған  Қазақстандықтар  жеңіске жетер жолды таба алған жоқ.   

Чехиялықтарға қарсы ойынға «Қайрат» футболшылары жақсы дайындықпен келген болатын.  Команданың басты мақсаты - Еуропа лигасының топтық кезеңінде сынға түсу. Алматылық клубтың бас бапкері Карлос Феррер алғашқы минуттан ақ ,сұрмерген  футболшыларды ойынға қосты. Ал, Чехиялық бапкер көбінде жергілікті ойыншыларына сенім артты.

«Сигма» командасының аяқдоп шеберлері  өз алаңындағы кездесуде көбірек гол соғуға ниет танытты. Сондықтан төреші ысқырығы естілісімен-ақ олар шабуылды үдете түсті. Алғашқы бес минуттың өзінде бірнеше рет қайраттың қақпашынының мазасын қашырды. «Сигма» сапынан Мартин Сладки біздің қорғаныс шебіндегі қателікті шебер пайдаланып, ойынның 21 – минутында алғашқы голдың авторы атанды кетті. Бұдан кейін де Чех елінің шеберлері тоқтамады. Ал, Алматылықтар қорғаныс шебінде жүруге мәжбүр болды. Сигмалықтардың әрбір шабуылы Қайратқа оңайға соқпады. Екінші кезеңнің 50-минутында Вацлав Пиларж есепті одан әрі  үстемеледі. Ойынның 68-минутында тақағанда  «Сигма» сапынан Михал Вепржек алаңнан қуылып,   «Қайрат» футболшыларына  шабуылдауға  мүмкіндік туды. Десе де команда діттеген мақсатына жетпей жатты. Ойының 80-минутынан бастап «Қайрат» шабуылды қайта жалғастырды. Алайда, «Қайрат» жігіттері ойынды тиімді пайдалана алған жоқ.  Осылайша «Сигма» құрамасы «Қайратты» 2:0 есебімен жеңді. Қарымта кездесу 16 тамызда Алматы қаласында өтеді.  

А.ЕРМЕКҰЛЫ             

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНА ЖАҢА ПРОКУРОР  ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:20, 13 тамыз 2018
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНА ЖАҢА ПРОКУРОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...