ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

СПОРТТЫҚ БИДЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР

19:41, 17 қазан 2019

 

Өңірде спорттық  билер бойынша халықаралық турнир  өтті.  «Qazaqstan open» осымен сегізінші рет Қазақстан, Қырғызстан,  Түркіменстан және Ресейден келген 1000-ға жуық қатысушыны   Тараз Арена спорт кешеніне  жинады. Сенімділікті серік еткен бишілер  таңдалған өнер туындыларының мәнін шебер жеткізді.

 
Айта кетейік, биылғы байқаудың ерекшелігі, оған  мүмкіндігі шектеулі жандар да қатысты. Денсаулығының кінаратына қарамастан олар да басқа қатысушылардан кем түспей өнерлерін көрсетіп, көптің көңілінен шықты. Билердің әрқайсысы өз тарихын сақтайды, ал бишілер оны көрермендер мен төрешілерге барынша жеткізуге тырысады- дейді, Жамбыл облысы би спорты федерациясының басшысы Серж Аванесов. Спорттық жаттығулар  мүмкіндігі шектеулі жандарға өзін-өзі көрсетуге, қоршаған ортаға бейімделуге, қоғамның қалыпты өміріне араласуға және ертеңгі күнге жаңаша көзқарас қалыптастыруға көмектеседі, дейді ол.

Тақырып бойынша материалдар

"ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ" БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
19:12, 22 қараша 2019
"ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ" БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНІҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІ
19:21, 18 қараша 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНІҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІ
Толығырақ...