ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

СУҒА ТҮССЕҢІЗ, САҚ БОЛЫҢЫЗ!

19:55, 5 шілде 2019

Өңірде ауа климатының  аптап ыстық болуына, сондай-ақ алдағы мерекелік күнге байланысты суға шомылу маусымының қыза түсетіні анық. Ал, суға шомылған адам өз-өзін қауіпсіз сезінуі үшін түрлі жүзу әдістері мен, тұншыққан адамға қандай көмектің қажет екендігін білу керек. Осы мақсатпен қалалық «Зербұлақ» демалыс орнында ТЖ департаментінің қатысуымен демалушы азаматтарға арналған брифинг өтті.

«Зербұлақта» өткен жиында сақтық шаралары басты назарға алынды. Онда өңірдегі барлық су айдындарында рейд жүргізілетіндігі айтылды. Суда жүзу ережелері мен судағы мастер-класстар  қағидалары туралы да ескертілді. Бұл шараға демалушы азаматтар мен «Жасыл-Тараз» қоғамдық құтқарушылары қатысты.

Бағдат ДАНИЛОВ ОБЛЫСТЫҚ ТЖ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Су айдынында болып жатқан жаға ұстатарлық жағдайлар аз емес. Өкініштісі сол, биылдың өзінде облыстың су қоймаларында 9 адам қаза тауыпты, олардың 6-ы жас балалар. Трагедияның себептері әртүрлі: біреу мас күйінде суда жүзсе, біреуі судың тереңдігін аңғармай қалған.Ал,  балалар - ересек адамдардың қадағалаусыз қалдыруының салдарынан келеңсіз жағдайға ұшыраған. 

Альфия МУСИНА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Біз мұнда жиі жүзіп жүрміз. Балаларды жалғыз қалдыру өте қорқынышты. Бізге судағы өзін қалай ұстау керек екендігі туралы парақшалар таратылды. Балаларға да түсіндіріЛДІ

Ұйымдастырушылар айтуынша, жазатайым оқиғалардың көбі абайсыздан алады. Ең бастысы қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн.

А.Сапибулла; Рамина Мирзалимова, Тілеуқабыл Саржан ЖҚ:

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар